АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР
2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттарды қабылдау және ауыстыру мерзімін ұзарту туралы
![](https://ile-tany.kz/wp-content/uploads/2020/12/banknot.jpg)
Ұлттық Банк 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000 және 10000 теңгелік банкноттарды ауыстыру мерзімін 2021 жылдың 1 ақпанына дейін ұзартты.
2006 жылғы ҮЛГІДЕГІ БАНКНОТА 2000 ТЕНГЕ 5000 ТЕНГЕ 10000 ТЕНГЕ
Банкноттар жеке тұлғалар үшін тек Ұлттық Банктің филиалдарында ғана айырбасталады. 2021 жылдың 1 ақпанынан кейін банкноттарды айырбастау тоқтатылады.
Аймақ бойынша банкноталар Талдықорған қаласы Төлебаева 58/64 адресі бойынша Ұлттық Банктің Алматы облыстық филиалы кассасында айырбасталады.
Еске сала кетейік, 2006 жылғы үлгідегі номиналдарға тән банкноттарды айырбастау кезеңі 2016 жылдың қазанынан 2020 жылдың 5 қазанына дейін – 4 жыл бойы ұзартылып келді.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда Ұлттық Банктің 1477 байланыс орталығына хабарласуға болады.
Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефоннан ала алады:
+7 (728) 2 55-95-09
e-mail: www. tald_80@nationalbank.kz