Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыҚоғам

«Nur Otan» партиясының кандидаттары Ақши ауылы тұрғынарымен жүздесті

Бүгін ат басын бұрған Алматы облысы Іле ауданы Ақши ауылында бірнеше шаруа қожалықтары бар. Ауыл тұрғындары көбіне мал шаруашылығымен айналысады. Солардың бірі Ідірісов Еркін Болатұлы басқарып отырған «Ел-айыр Досанұлы» шаруа қожалығы. Аталмыш қожалық 2011 жылы құрылып бүгінгі күні 150 бас ірі қара, 2000 бас қой өсіріп отырған үлкен қожалыққа айналып үлгерген. Мал шаруашылығы машақаты көп жұмыс екені мәлім, дегенмен қиындығына қарамай осы ата кәсібімізді дамытып отырған қожалықтардың жұмысына сәттілік тілеп, Алматы облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Ерубаева Гүлжан Жұбайқызы қожалық қызметкерлерін және ауыл тұрғындарын 10 қаңтарда болатын сайлауға шақырып, «Nur Otan» партиясының бағдарламасындағы ауыл шарушылығын дамыту бағытында алға қойған жоспарларымен таныстырды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button