Алматы облысының жаңалықтарыҚоғам

КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУ

Биылғы жылдың 25 желтоқсан күні Іле ауданы, Өтеген батыр ауылында орналасқан Іле аудандық кітапханасында аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Ысқақ Бауыржан Ербозымұлы сала мамандарымен, тіл оқу-әдістемелік орталығы және Әлібек Нұрқожа атындағы ардагерлер ансамблінің мүшелерімен кездесу өткізді.

Кездесуде «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Басты мәселе аудандағы перзентхана және жедел жәрдем қызметі болды.

Орталық аурухана басшысы Бауыржан Ербозымұлы бұл мәселенің басты назарда екенін атап өтіп, шешімін табуға баса назар аударатынын айтты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button