Аудан жаңалықтарыҚоғам

Өзіне -өзі қызмет көрсету

Қазіргі таңда Қазақстан цифрлық бағытты қалыптастыруда. Соның ішінде бәрімізге белгілі «Электронды үкіметтің  Egov.kz» порталы. Порталда жұмыс жасау үшін алдымен Электронды цифрлы қолтаңба (ЭЦҚ) алуыңыз қажет. Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы алынатын түрлі анықтамаларды: соттылығы бар немесе жоқтығы туралы, жылжымайтын мүлкі бар немесе жоқтығы туралы, зейнетақы аударымдары туралы, жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу туралы анықтамаларды және тағы да басқа анықтамаларды үйде отырып ақ ала аласыз. Ол үшін барып келудің қажеті де жоқ. Бар болғаны Электронды түрде өтініш толтырасыз, бір күннің ішінде (өтініш жолдаған соң) пайдаланушының жеке кабинетіне жауап келеді. Қазақстан Республикасының ХҚКО-ның филиалдарында және аудан бөлімдерінде, әкімдік пен білім беру ұйымдарында «Connection Point», яғни «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» енгізіліп, жұмыс істеуде.

КазЦИК ауылындағы №42 орта мектебінде орнатылған «Өзіне-өзі қызмет көрсету» бұрышының беретін мүмкіндіктері арқылы біздің мектебіміздің мұғалімдері керекті анықтамаларды және де басқа құжаттарды  еш қиындықсыз алуда. Сонымен қатар ауылдың тұрғындары өздерінің ыңғайына қарай кезекті күтпей, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышында «Электронды үкімет» порталындағы қажетті мемлекеттік қызмет түрлерін ала алады. Әрине, қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда жауапты тұлға көмектесе алады немесе ХҚКО-ның кеңесшісіне хабарласып керек мағлұмат алуға болады.

Қазір әлемде болып жатқан індетке байланысты,денсаулығымызды және өмірімізді сақтау мақсатында жасалып жатқан шаралар көп. Соның бірі  1-сыныпқа құжаттарды қабылдау «Электронды үкімет» порталында онлайн түрде жүргізілді. Балаларын орналастыру үшін ата-аналарға «Өзіне-өзі қызмет көрсету» бұрышының көп септігі тиді десекте болады. Жасы үлкен кісілер мен құжаттарын тіркеуге мүмкіндігі жоқ ауыл тұрғындарына жауапты маман көмек көрсете отырып балаларын 1-сыныпқа керекті құжаттарын «E-gov.kz» , «Е-Жетысу» сайты арқылы тіркеп, өтініш қалдырды.

Болашақта барлық мемлекеттік қызмет түрлері тек қана «Электронды үкімет» порталы арқылы алуға болатын болады. Сондықтан да, халқымыз да заман талабына сай «Электронды үкіметтің» мүмкіндіктерімен жақсы таныс болуы — болашақта өмір сүруіне үлкен ыңғайлық тудыратынына күмәніміз жоқ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button