Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыҚоғам

ЖАСТАРДЫҢ ФЛЕШМОБЫ:«БІЗ ҮМІТКЕРЛЕРДІ ҚОЛДАЙМЫЗ»

Алматы облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Анастасия Михайловна, Гүлжан Жұбайқызы және Нұрсұлтан Орынбасаров 2021 жылдың 6 қаңтарында Байсерке ауылында орналасқан «Шымыр» спорт клубының бапкерлерімен және Көк Туымызды халықаралық жарыстарда биікке көтеріп жүрген чемпиондарымен кездесті.

Аралас жекпе-жек, джиу-джитсу, бокс, еркін күрес түрлерінен 150-ге жуық спортшы жаттығатын бұл клубтың негізін қалаған Еркебұлан Қожанов «Шымыр» спорт клубының алдағы жоспарларымен бөлісті, ал аралас жекпе-жек бойынша жаттықтырушы Марғұлан Жандәулетов өзінің үздік нәтижеге қол жеткізіп жүрген шәкірттерін таныстырып өтті. Спорт тек қана денсаулық кепілі емес, сонымен қатар еліміздің жарқын болашағының алғы шарттарының бірі. Спорттағы жеңістеріміз, сол жеңіске жеткізетін спортшыларымыз арқылы Қазақстанды әлем таниды және мойындайды. Осындай жауапты жүкті арқалаған «Шымыр» спорт клубының жаттықтырушылары мен спортшыларына сәттілік тілеп, шараға қатысушыларды 10 қаңтарда болатын сайлауға шақырды.

Шара соңында жас спортшылар «Біз үміткерлерді қолдаймыз!» атты флешмоб ұйымдастырды.

Үміткерлер өз кезегінде спортшыларға әлем көз тіккен жарыстарда жеңіс тұғырына көтерілуіне, «Шымыр» спорт клубының алдағы уақытта жетістікке жете беруіне тілектестік білдірді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button