Аудан жаңалықтарыҚоғам

«Nur Otan» партиясының сайлауалды үгіт-насихатымен «Фирма Бент» ЖШС жұмысшылары танысты

2021 жылғы 6 қаңтар күні сағат 12-30да аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер – Д.Кузиев, А.Иманбековтың Іле ауданы, КазЦИК ауылы, «Фирма Бент» ЖШС жұмысшыларымен кездесуі өткізді. Бұл шараға «Фирма Бент» ЖШС жұмысшылары, барлығы 25 адам қатысты. Кездесу барысында сөз алған үміткерлер «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарымен таныстырып, ауданның әлеуметтік-экономикалық саладағы жетістіктері, соның ішінде өндіріс, шағын және орта бизнес, жастарды кәсіпке тарту мәселелері бойынша алдағы атқарылатын жұмыстар, сондай-ақ өзекті проблемаларды шешу жоспары партияның сайлауалды бағдарламасында нақты көрсетілгені жайлы түсіндірді. «Фирма Бент» ЖШС жұмысшылары елдің жарқын болашағы үшін бірауыздан «Nur Otan» партиясына дауыс беріп, қолдау көрсетеміз деген тілектерін білдірді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button