Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыҚоғам

Сайлауалды НӘТИЖЕЛЕРІ сараланды

Сайлау 2021

Іле аудандық партия филиалының мәжіліс залында үгіт-насихат жұмыстарының аяқталуы бойынша брифинг өткізілді.

Жиынға «Nur Otan» партиясының барлық деңгейдегі мәслихат депутаттығына үміткерлер, партияның сенім білдірген адамдары, штаб мүшелері, «Jas Otan» жастар қанаты өкілдері және БАҚ өкілдері қатысты.

Өткен жылғы 11 желтоқсан мен биылғы жылға 8 қаңтар аралығында барлығы 58 шара, онлайн түрде – 26 шара 34780 адам, оффлайн түрде – 32 шара 3050 адамның қатысуымен өтті. Өткізілген үгіт-насихат жұмыстары жайлы: 60 шара сайтқа, 72 шара – әлеуметтік желіге, 24 шара – аудандық «Іле таңы» газетіне жарияланды.

11 желтоқсан – 8 қаңтар аралығында барлығы 42200 үгіт-насихат материалдары 100% ілініп, таратылды.

Аудандық сайлауалды штабтың қоғамдық қабылдау бөлмесі жоспарға сай азаматтарды қабылдау жұмыстарын жүргізді. 11 желтоқсан — 8 қаңтар аралығында қоғамдық қабылдауда барлығы 56 адам болды. Оның ішінде кандидаттар – 49 адам, қоғамдық қабылдау бөлмесінің мүшелері – 7 адам қабылдады.

Жиында Іле аудандық партия филиалының сайлауалды штабы жетекшісінің орынбасары, аудандық мәслихат депутаты Тұрымбетов Ерболат Сапарұлы, «Nur Otan» партиясының сенімді өкілі, партия ардагері, Іле аудандық мәслихат депутаты Исаев Әмзе Әлдибекұлы және «Nur Otan» партиясы Іле аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Абилова Роза Михайлкизи сөз сөйлеп, партияның жұмысы жайлы айтып, 10 қаңтар күнгі сайлауға сақадай сай екендерін айтты.

Жиын соңында «Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сатибаев Алмасбек Қожабекұлы үгіт-насихат жұмыстары оң нәтиже беріп, 10 қаңтар күні партиямыз лайықты ел сеніміне ие болады деген сенімін білдірді.

«Nur Otan» партиясының

сайлау штабы

Басқа жаңалықтар

Back to top button