Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыЖетісу - адалдық алаңы

Сыбайлас жемқорлықпен бірге күресейік!

Бүгінгі таңда қоғамдағы ең өзекті мәселелердің бірі сыбайлас жеморлықпен күресу екендігі баршамызға мәлім. Осы мақсатта Боралдай кентінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау мақсатында жоспарлы түрде іс-шаралар жасалып, акциялар ұйымдастырылып, әлеуметтік желілерде бейне роликтер жарияланып тұрады.

Биылғы жылы «Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!»  айлығының жоспары бойынша кентте сыбайлас жемқорлық тақырыбын кеңінен түсіндіру және алдын алу мақсатында арнайы шаралар онлайн форматында өткізілді.

Және де «Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» айлығы аясында «Өз құқығыңды білесің бе?» тақырыбында жастар мен жас өспірімдер арасында онлайн семинар өткізіліп, «Бопсалаушылықтың алдын алу туралы сауалнама алынды.

Боралдай кентінде «Пара берме, Пара алма» атты билборд ілінген. Сондай-ақ ай сайын кент тұрғындарына «Пара берме, Пара алма» жадынамасы таратылып, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» атты онлайн акция өткізілді.

Сыбайлас жемқорлықты болдырмау бізге де, сізге де байланысты.

 

Мирамбек Дәрібаев

«ARLAN»  ауған соғысы ардагерлері мен

мүгедектері қоғамдық бірлестігі төрағасы  

Басқа жаңалықтар

Back to top button