Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыБасты ақпаратҚоғамМәдениет

КӨНЕНІҢ КӨЗІ, КЕНЕННІҢ ҚЫЗЫ

Жақында  аудандық  кі-тапхананың  ұйымдас-тыруымен  Қазақстан Республикасы «Халық ағарту ісінің үздігі», Қазақстан Республикасының «Мәдениет қайрат-кері», Іле ауданының Құрметті азаматы Төрткен Кененқызының  85 жасқа толуына орай  әдеби-сазды кеш өткізілді.

Педагогика саласында ұзақ жыл табысты еңбек ете жүріп, әке аманатына адалдық танытып, оның бай  мұрасын халыққа кеңінен насихаттаған Төрткен апаның еңбек пен өнерден қатар өрілген өмір жолы, адами қасиеттері, әншілігі  кім-кімге болса да үлгі өнеге, тағылымды тәрбие. «Тұғырлы тұлға ұрпағы» атты әдеби шараға  Алматы облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы Төлеужан Нүсіпжанұлы Ғұмаров, Төр-апаның  балалары  Баян, Роза, Алмас және оқырмандар қатысты. Шара барысында аудандық кітапхана директоры Қарлығаш Бұдығұлованың басшылығымен «Өнегелі өмір өрнектері» атты көрме инсталяция,  апамыздың  өмі-рі мен еңбек жолын қамтитын арнайы слайд ұйымдастырылып, «Төрткен Кененқызының А. Пушкин атындағы орталық кітапханадағы бір  жұмыс кү-ніне арналған» қойылым көрсетілді. Реті келгенде айта кету керек, апамыз кезінде Алматы қаласындағы А. Пушкин атындағы орталық кітапханада сегіз жыл библиограф болып еңбек еткен екен. Оның мерейтой кешінің салтанатты түрде аудандық кітапханада өткізілуі кездейсоқтық емес.

Осы салтанатқа арнайы қатысқан Төлеужан Ғұмаров, аудан әкімінің орынбасары Серікжан Ибраев, ау-дандық мәслихат хатшысы Роза Михайловна Абилова, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Ерболат Сапарұлы Тұрымбетов, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының бірінші орынбасары  Алмасбек Қожабекұлы Сатибаев, аудандық ардагерлер қоғамының төрағасы Әмзе Әлдибекұлы Исаев, аналар кеңесінің төрайымы Мейрамгүл Түйебайқызы Жәбиева, аудандық  тілдерді дамыту және мәдениет бөлімінің  басшысы  Бақытжан Рақымжан,  ішкі саясат бөлі-мінің басшысы Мұхтархан  Мықымов  сөз сөйлеп, асылдың сынығы, тектінің тұяғы асыл апамыздың елімізге сіңірген еңбегі, белсенді қоғамдық жұмыстары,  артынан ерген шәкірттеріне,  жалпы жастарға көрсеткен тәлімді тәрбиесі,  ұлағатты үлгісі  жайында сыр шертті. Сонымен бірге, аудандық кітапхана мен аналар кеңесінің ұсынысымен Төрткен Кененқызына республикалық қоғамдық марапаттар ұйымының атынан «Қазақ өнерінің қайраткері» аудандық тілдерді дамыту және мәдениет бөлімі мен Мәдениет үйінің ұсынысымен «Қазақстан патриоты» төсбелгісі салтанатты түрде табыс етілді. Әдеби шарада Мәдениет үйінің директоры Қарлығаш Ахметбаеваның ұйымдастыруымен Кенен атаның шығармашылығынан шағын концерт қойылды.

Әйгілі халық  ақыны, жыршы, сазгер Кенен Әзірбаевтың мұрасын  насихаттау  әрі  Төрткен   апамыздың ғибратты ғұ-мырын жастарға үлгі ету мақсатында ұйымдастырылған бұл шара мазмұнының   терең  екендігі сөзсіз. Салтанатты мереке соңында Төрткен апамыз осындай тамаша кешті ұйымдастырушыларға шынайы алғысын айтып, аналық ақ батасын берді.

Өтеген батыр кентінде жарты ғасырға жуық өмір сүріп, ауданның білім және мәдениет саласына өлшеусіз үлес қосқан Төрткен Кененқызының өмір жолы қай-қайсымызға да үлгі-өнеге. Көненің көзі, Кененнің қызы Төрткен апамыздың 85 жасы құтты болсын!

      Роза Айдарбекова

Басқа жаңалықтар

Back to top button