Алматы облысының жаңалықтарыЗаң және бізҚоғам

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ I ТОҚСАНДЫҚ ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫ

Бизнес пен инвестицияларды сыбайлас жемқорлық қысымынан және әкімшілік кедергілерден қорғау бүгінгі күні мемлекеттің негізгі басымдықтарының бірі болып табылады.

Бұл бағытта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Protecting business and investments» бизнес пен инвестицияларды қорғау жобасын іске асыруда.

Оның негізгі міндеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеуге өтініш білдірген инвесторлар мен кәсіпкерлер жұмысында төрешілдік кідірістер мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау болып табылады.

Бүгінгі күні Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің сүйемелдеуімен жалпы сомасы 750 млрд. теңгеден асатын 66 жоба бар.

Бұл ретте, ағымдағы жылдың І тоқсанында осы жобаға шамамен 45 млрд. теңге инвестициялық портфелі бар облыстың 9 компаниясы қосылды.

Есепті кезеңде Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне қол қойылған келісім шеңберінде 6 компания түрлі проблемалық мәселелер бойынша жүгініп, өздерінің заңды шешімін тапты.

Инвестициялық жобаны сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу туралы келісімге қол қойған компаниялардың мәселелері ғана емес, сонымен қатар өз мәселелерін шешуде пәрменді көмек табатын басқа да кәсіпкерлердің мәселелері пысықталып жатқаны да көрнекі болып табылады.

Жоба халықаралық тәжірибеде бірегей және посткеңестік кеңістікте баламасы жоқтығын айта кету керек,

 

 

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

Басқа жаңалықтар

Back to top button