Алматы облысының жаңалықтарыҚоғам

Тура жүру-ақиқаттың сенімді жолы

Бүгінгі күні бүкіл әлемді қамтыған жаһандық қауіп-қатерлердің бірі бұл сыбайлас жемқорлық, ол қалыпты даму мүмкіндігін берместен қоғамға іріткі салатын зиян  құбылыс. Сыбайлас  жемқорлықты  жою үшін онымен бірлесіп күресу керек. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы отбасының рөлі  маңызды екендігін атап өту қажет. Отбасында жас ұрпақты тәрбиелеуге көп көңіл бөлінуі тиіс, бала тәрбиесі қашанда маңызды іс өйткені, кез келген балаға дұрыс тәрбие беру арқылы оны өз отанын сүюге еліне адал қызмет атқаруға баулыймыз.

Ұлы педагок К.Ушинский: «Тәрбиенің қайнар көзі тек адамның жеке басының өнегесіне негізделген, ешқандай жарғыда бағдарлама да оның орнын  баса алмайды»- деген. Жас кезінен жағымпаздыққа , қулық-сұмдыққа тәрбиелеген баладан отанын, елін сүйетін патриот шықпайды. Ол тек өз қара басын күйттеп өсетін өзімшіл адам болып өседі. Қазір өкінішке орай, тәрбиеде сондай үрдістің жүріп жатқанын ащы да болса мойындауға тура келеді. Біздіңше, кез келген адамды тәрбиелеудің ұлттық негізі болуы керек, сонда ғана тәрбие шынацылыққа  айналады. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің қалыптастырылуын оқу орындарынан бастағанымыз дұрыс. Ашығын айтар болсақ  біздің қоғамда шын талантты, білімді жастарға әліде орын жоқ. Тіптен өз күштерімен «Болашақ» бағдарламасымен шетелдік мықты жоғары оқу орнын бітіріп келген жастарымыз жұмыс таппай қайтадан шетелге кетуде, оны өздеріңіз ақпараттық арналардан көріп, біліп отырсыздар. Жас ұрпақты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілікке тәрбиелеу – біздің басты мақсат.

Қазір сыбайлас жемқорлықтың барлық түрлерін жою үшін Қазақстан азаматтарының құқықтық санасын арттыру жүргізілуде. Еліміздің әр бір азаматы қандай да бір заңнаманы сәйкесінше қолдана  білсе, мемлекеттік қызметкердің өз лауазымын заңсыз қолданыуына жол бермесе, яғни заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін тиімді қолданса еліміз дерттен арылып, әлемдегі дамыған елдер қатарынан орын алуына үлкен үлес қосылар еді.

Ұлы болсын, кіші болсын халықтың адал перзентерінің  ең әуелі өз ұлтының рухын көтеруді ойлағаны абзал. Адалдық-адамның ең асыл қасиеті, әділдік пен адалдықты ту еткен тұлға тәрбиелеу  қоғам талабы. «Ақыл-жастан, асыл тастан» оқыған білікті, білімді жастар ертеңін ойлап, еңсесі түскен ел жанынан табылып, қолдау тапса, елдігіміз бен ерлігіміз жоғалмағаны, Ағайын!

Қорыта келгенде, біздің елде жемқорлық дерті жойылмай ел еңсесі көтерілмек емес. Ол үшін бүкіл халық болып бұл дертпен күресу, әр шенеунік пен әр азаматтың қасиетті борышы. Ендігі кезек жас буын ұрпақтарымыздікі, оларға бағыт бағдар беру, жол сілтеу біздің еншіміз! Әділ жол, мақсатқа жеткізеді.

Қараой ауылдық округінің «Қоғамдық кеңес»

ұйымының төрайымы  Байпақбаева Б.Б

Басқа жаңалықтар

Back to top button