Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыҚоғам

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

Сыбайлас жемқорлық дегеніміз, қоғам мен мемлекеттің қылмыстық сипат алуы сияқты қауіпті ұғым және індет . оны жою біздің міндет, өйткені қоғам үшін қауіпті дерт. Оның кезкелген түрлерімен аяусыз күресіп, түп-тамырымен жойған дұрыс. Сыбайлас жемқорлық сылып тастайтын сыртқы жара емес , бұл тамырын тереңге жайған, өзге сау мүшелерін тырнап тыныс-тіршілігін тарылтатын , сөйтіп олрдың толыққанды қызмет етуіне  қатер төндіретін қауіпті кесел. Оны емдемес бұрын аурудың пайда болуы, даму, таралу жолдарын біліп, дерттің қозуына қолайлы жағдай тууына жол бермеу керек. Ол үшін бұл ауруға қоғам болып қарсы тұруымыз қажет. «Тура биде туысқан жоқ»  дейді халық. Біз қара қылды қақ жарып турасын айтып, әділдікке  жүгінген халықтың бүгігі ұрпағымыз.

Тұңғыш президентіміз 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас  жемқорлыққа қарсы жарлыққа қол қойған болатын. Стратегия жемқорлыққа қарсы  іс-қимылдың жаңа бағдарламасы мемлекеттік және тұтас қоғамның күшін жемқорлыққа қарсы жұмылдыруға бағытталған. Бұл бағдарламада  сыбайлас жемқорлық  қарсы іс-қимылдың жемқорлықтың салдарымен емес, себептерімен күресудің кешенді шаралары да толықтай қарастырылған.

Стратегияның мақсаты мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігін арттыру жемқорлықтың кез-келген көрінісіне мүлде төзбеушілік ахуалын қарастырып, кеселге қарсы күреске бүкіл қоғамды тарту.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын тиімді жүзеге асыру үшін қоғамның қолдауы қажет. Қоғамдық қолдау күшейтілмесе тек ішінара ғана нәтиже береді. Еліміздің, қоғамымыздың және жекелеген азаматтардың мүдделеріне көп зиян келтіреді әсіресе сыбайлас жемкорлық мемлекеттік органдарына қауіпті.

Азаматтарымыздың бойында  сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, берік имунитет қалыптаспай жұрттың оған деген ынтасы болмай тұрып, оң нәтижелерге қол жеткізуге мүмкін емес. Жалпы жемқолыққа қарсы күрес бұл бүкіл қоғамның және баршамызға ортақ іс.

Мухамеджанова Б.М.

Қараой ауылдық округі

ардагерлер кеңесінің төрайымы 

Басқа жаңалықтар

Back to top button