Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыЗаң және бізҚоғам

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

Сыбайлас жемқорлық — заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ту-ралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.

ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс.

Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жем-қорлық қылмыстар және осы тұрғыдағы құқық бұзушылықтарға бой алдыруының себебі көп. Оған ең алдымен қызметшілердің білім деңгейінің, әдептілік ұстанымының төмен болуы әсер ететін болса керек. Кей мемлекеттік қызметшілердің құқық бұзушылыққа немқұрайлылық танытуы,кәсіби әдептілігінің жетіспеуі де, жеке басының қамын ойлауы да парақорлықтың дендеуіне септігін тигізуде. Сондай-ақ, кейбір мемлекеттік орган басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң талаптарын атқаруда ынта танытпай, жұмыс жүргізбеуі де жемқорлықтың тамырын тереңдете түседі.

ҚР АШМ АӨК МИК Іле аудандық аумақтық инспекция тарапынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары жоспарға сай атқарылуда.

АОАИ басшысының  бұйрығымен бекітілген     «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» туралы Заңын сақтау жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес шаралар жасалынады.

Биылғы жылы «Жетісу адалдық алаңы» кең-сесінің тапсырмасына сәйкес «Адал көмек» жобасы аясында,ауданның ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Facebook желісі арқылы тоқсан сайын белгілі бір тақырыпен  тікелей эфирде екі мәрте сұхбат жүргізілді.

Мемлекеттік қызымет көрсету барысында сы-байлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында, мекемеге ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің CALL-орталық 1424 телефон нөмірі көрсетілген тақтайша ілінген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл арнайы стентермен, Фитосанитарлық карантиндік сертификат рәсімдеу стандарты өтініш  үлгісі іліген стентермен қамтамасыз етілген

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі, аудандық баспа бетінде ақпан айында жарияланған. Апта сайын Сыбайлас жемқорлық тәуекедріне  ішкі талдау жүргізіліп жиналыс өткізіледі.

Әрине, сыбайлас жемқорлық дәрі беріп емдейтін сырқат емес. Айналасындағы салауатты, таза және сау ортаны шарпып, тыныс-тіршілігін тарылтатын, заңсыз әрекеттермен қоғамдық ортаның және мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, дара кә-сіпкерлердің, азаматтардың қызмет етуіне қа-тер төндіретін қауіпті дертті болдырмаудың тетігі халықтың өзінде. Ол үшін аталған дертке барлығымыз бірігіп атсалысып, қарсы жұмылуымыз қажет. Сонда ғана ел мүддесі үшін зор үлес қосатынымыз және халық сенімінен шығатынымыз анық.

С. Үмбетжанов,

 ҚР АШМ АӨК МИК Іле аудандық аумақтық инспекция басшысы

Басқа жаңалықтар

Back to top button