#Qazaqstan30Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыҚазақстан Тәуелсіздігіне - 30 жылҚоғам

Азаттық деп соғады жүрегіміз

Тәуелсіздік бабаларымыздың аңсауы, ұрпақтарымыздың қолы жеткен киелі кезеңі. Тәуелсіздік —  таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдыретті сөз. Еліміз тәуелсіздік алғалы 30 жыл толды. Осы 30 жыл ішінде Қазақстан өз алдына егемен ел болды. Бұл ата-бабаларымыздан келе жатқан ұлы жеңістің жемісі. 1991 жылы 16 желтоқсанда егемендігін алған еліміздің өз президенті, ұлты мен ұлысы, салты мен дәстүрі, мәдениеті мен экономикасы болды. Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекет болып қалыптастық.

30 жылдық белестің мәнін түсіндіруде ұрпақ санасына тәлімдік, тәрбиелік маңызы зор болғандықтан мектебімізде жоспарға сай іс-шаралар өткізілді. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай  №2 орта мектепте  тәуелсіздікке арналған іс-шаралар ұйымдастырды. 6-10 қыркүйек күндері «Тәуелсіз елдің батырлары» тақырыбында жалпы сынып сағаттары 7-8 сыныптар арасында өткізілді.  Сонымен қоса ауданға еңбегі сіңген азаматтармен кездесу ұйымдастырылды. Ауданға еңбегі сіңген азаматтармен кездесуді ұйымдастыруда  Н. Ибрагимова жетекшілік етті. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай мектепішілік «Денсаулық фестивалі» ұйымдастырылды. Спорттық іс-шаралар өткізілді. «Рәміздер – мақтанышым» тақырыбында онкүндік шаралар өткізілді. 16 желтоқсан – Тәуелсіздікке күніне арналған іс-шаралар өткізілді. 5-11 сыныптар арасында тәуелсіздік тақырыбында мәнерлеп оқу, эссе байқаулары ұйымдастырылды. 8-11 сыныптар арасында эссе байқауына оқушылар белсене қатысып, жүлделі орынға ие болды. Эссе байқауында эссе жұмысына екі баға қойылды, бірінші — мазмұнына, екінші — грамматикалық сауаттылығына қойылды. 8-сынып оқушысы Бағдаулет Бақбергенова 1-орын, 10-сынып оқушысы Асем Ақбергенқызы 2-орынды иеленді. Эссе байқауы өз деңгейінде өткізілді. Оқушылар қызығаы, белсене қатысты. Сонымен қоса, информатика пәні мұғалімдері арасында Тәуелсіздіктің 30 жыл-дығына орай жас мамандар арасында «Үздік электронды жинақ» тақырыбына байқау ұйым-дастырылды. Жас мамандар бел-сене атсалысты. Сонымен қоса, 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіз елдің жастары» тақырыбында Жас мамандар арасында жарыс ұйымдастырылды, жарысты ұйымдастырушы Н.Ибрагимова өте қызықты ұйымдастырып, жарыс жоғары деңгейде өткізілді. Жарысқа 2020-2021 оқу жылында жаңадан келген жас мамандар қатысты.

Ақпан айынан бастап «Тәуелсіз Қазақстан хронологиясы» презентация байқауын тарих пәні мұғалімдері Ф. Айтбай және Г.Абдирова   ұйымдастырды. Байқау барысында Қазақ елінің толық шығу тарихы туралы қызықты мәліметтер  айтылды. Мектеп  кітапханашылары Л. Утешова, А.Қауысбаева ұйымдастыруымен «Тәуелсіз Қазақстан біздің ең қымбат, ең асыл құндылығымыз» атты кітап көрмесі өткізілді. Оқушыларға кітап көрмесінде ҚР ұлттық кітапханасы қорынан ҚР тәуелсіздік күніне арналған материалдар ұсынылды. Еліміздің ғылым мен білім,  саясат саласындағы жетістіктерін бейнелейтін қазақстандық және шетелдік авторлардың кітаптары тәуелсіздік алған сәттен бастап қазіргі уақытқа дейінгі кезеңі кеңінен қамтылды.  Кітап көрмесінде Қазақстан тарихы, мәдениеті туралы айтылды.Сонымен қоса, кітапханашылар ұйымдастырған көрмеде Елбасымыз Н. Назарбаевтың жолдауларына ерекше тоқталып, атап өтті.

Ақпан айында мектептің АӘД мұғалімі Ғ.Жармағамбетов 9-11 сынып  оқушыларының арасында «Үздік командир» байқауын ұйымдастырды. Байқауға  9-11 сынып оқушылары  әскери формада белсене қатысты. Атап айтатын болсақ, 11 «Ә» сынып оқушысы Балтабаев Асылбек  белсене қатысқаны үшін жүлделі орынға ие болды. Осы орайда 5-6 сыныптар арасында «Еліміздің жүрегі –  Астана» тақырыбында мектебіміздің суретшілері сурет байқауын өткізді. Байқауда еліміздің тарихы, мәдениеті, салт-дәстүрі, рәміздері туралы суреттер салынды. Белсене қатысқан оқушылар: 5 «Ә» сынып Мөлдір Аманбай, Әділхан Мұхамед, 8 «А» сынып оқушылары Тәжібаев Жәнібек, Базарбаева Бағдаулет, Аяжан Бахбергенова, Яша Халилов, 9 «Ә» сынып  оқушылары Бекарыс Сапаров, Күнсұлу Еламанова белсене қатысты. Сурет байқауында жүлделі орынға ие болған  9 «Ә» сынып оқушысы  Күнсұлу Еламанова.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз»  тақырыбында 5-6 сыныптар аралығында 12-16.04 уақыт аралығында мәнерлеп оқудан байқау өткізілді. Байқауға 5-6 сынып оқушылары белсене қатысты. Байқау жоғары деңгейде өтті. Оқушылар Тәуелсіздік тақырыбында өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Қатысушылар арасында жүлделі орынға ие болған оқушылар: І-орын Гулнұр Умирали, Күнімай Кенжетай, ІІ-ші орын Элина Мизаммидин, Жұлдыз Төкен, Диана Қожаш. Орын алған оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды. Еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 8 сәуір күні Ұлы жеңістің 76 жылдығына және Отан қорғаушылары күніне арналған әскери спорттық «Жас Ұлан – 2021» атты ойын ұйымдастырылды. АӘД пәні мұғалімі Ғ.Жармағамбетов және ұйымдастырушы Н. Ибрагимова бастауымен ойын жарысы өткізілді.

Тәуелсіздік – еліміздің баға жетпес байлығы. 30 жыл аралығында Қазақстан өзінің әлемде дербес жеке ел екенін дәлелдей білді. Өскелең жастар – тәуелсіз Қазақстанның болашағы. Ата-бабаларымыздың аңсаған арманы – тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп, еркін өмір сүріп жатқан біздер шынайы бақытты жандармыз. Ендігі мақсат, осы еркіндікті баянды ету біздің басты парызымыз.

Наурыз айынан бастап дене шынықтыру пәні бірлестігі 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне арнап, волейболдан мұғалімдер арасында спорттық жарыс өткізіп, жеңіске жеткен топқа мақтау қағаздар мен сыйлықтар берілді.

Дене шынықтыру пәні мұғалімдері мамыр айында 7-8 сыныптар арасында мектепшілік әскери-спорттық «Алау – 2021» ойындарын, барлық сыныптар арасында «Тәуелсіздік бастауы – Желтоқсан» атты іс-шаралар өткізіліп шараға барлық сыныптар белсене қатысты.

Тәуелсіздігіміздің мерейтойы аясында өткізілген іс-шаралар өскелең ұрпақ санасына ұстамдылық пен жауапкершілікті, елжандылықты қалыптастырады. Мұның бәрі тәлім-тәрбиеден басталып, жастарды елі мен жерін, тілін сүюге тәрбиелейді.

 

Г. РАХЫМБАЕВА,

№2 орта мектеп директорының

тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button