Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыДенсаулықҚоғам

Тұмауға қарсы вакцинация басталды

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 3 қыркүйектегі №39 қауылысына сәйкес Қазақстан Республикасының халқы арасында тұмаудың және басқа да жіті респираторлық вирустық инфекциялардың таралуының алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінен бастап тұмауға қарсы иммундау науқаны басталды.

Іле аудандық саниитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы және Іле аудандық орталық ауруханасының ұйымдастыруымен аудан бойынша «Тұмауға қарсы егілейік» атты акция өтті.

Акцияға алғашқылардың бірі болып сала мамандары мен аудандық орталық аурухананың дәрігерлері қатысты.

Айта кетейік, қазіргі таңда тұмаудың алдын алудың тиімді әдістерінің бірі ~ вакцинация болып табылады.

Тұмауға қарсы вакциналар әр маусымда жасалады. Олардың құрамына тұмау вирустарының өзекті штаммдары (3-тен кем емес) кіреді, олардың айналымын жыл сайын Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы болжайды.Тұмауға қарсы қазіргі заманғы вакциналар тұмаудың белгілі бір вирустарына арнайы иммунитетті қалыптастырудан басқа, ағзаның басқа ба респираторлық вирустарға төтеп беруіне көмектеседі. Вакцина ауыр асқынуды, тіпті өлім қаупін азайтады.

Тұмауға қарсы екпе келесі топтардағы азаматтарға жоспарлы түрде салынады: медицина қызметкерлері; медициналық ұйымдарда диспансерлік есепте тұрған балалар; жасы 6 айдан асқан әрі жиі ауыратын балалар; жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының, балалар үйлерінің тәрбиеленушілері; қарттар мен мүгедектер үйін мекендеушілер; жүктіліктің екінші не үшінші триместріндегі жүкті әйелдер; жүрек-қан тамыр жүйесі мен тыныс алу органдарының созылмалы аурулары бар адамдар.

Сонымен қатар, жұмыс беруші мен екпе салдырушының өз жеке қаражаты есебінен де вакцинациялау жүргізіледі. Тұмауға қарсы вакцина тек тұмау вирусынан қорғайды. Аталған екпе мен коронавирусқа қарсы вакцинаны қатар алуға болады, бірақ тұмауға қарсы екпені науқас коронавирусқа қарсы вакцинаның екі дозасын салдырғаннан кейін алу керек.

Құрметті Іле ауданың тұрғындары, Сіздер жергілікті тіркелген медициналық ұйымында тұмауға қарсы екпе ала аласыздар.

Өзіңізді тұмаудан сақтаңыз!

Екпе алыңыз!

Басқа жаңалықтар

Back to top button