Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыБілім және ғылымҚоғам

Білімнен шырақ жаққандар

Құрметті ұлағатты ұстаздар қауымы! Кәсіби мереке – Мұғалімдер күніне орай шын ықыласты құттықтауымды қабыл алыңыздар! Елбасымыз Н. Назарбаев ұлттың бәсекеге қабілеттілігі ең алдымен сапалы білім негізінде қалыптасатынын айтқан болатын. Күшті білім беру жүйесі – Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті 30 елінің қатарына енуінің кепілі. Жаңа цифрлық дәуір жағдайында адам сыни ойлау дағдысын, идеяларды жүзеге асыру қабілетін бойға сіңіріп, қол жеткен жетістіктермен тоқтап қалмауы керек. Осы міндеттер биігінен, мұғалімге, оның оқушы бойында білімге құштарлықты оята білуіне, қабілетін ашып, мамандық таңдауына көмектесуде ерекше міндет жүктеледі. Мінекей, осынау ізгі күнде барша ұстаздар қауымын бүгінгі төл мерекесімен құттықтай келе, білім мен тәрбиенің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні өзгенің бақытының жолында өз уақытын құрбандыққа шала алатын Сіздерге игілік пен бақыт, мол дәулет, ырыс тілеймін. Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын!Тәрбиелеп отырған шәкірттеріңіз елге қызмет етер адал азамат болып өсіп, Республикамыздың әлемдік аренада биік белестерді бағындыруына сүбелі үлес қоса берсін. Еліміздің ертеңі жолындағы еңбектеріңіз жана берсін! Сіздерге мықты денсаулық, отбасылық бақ-береке және еңбекте шығармашылық табыстар тілеймін!

Б. ҚАРАСАЕВ,

аудан әкімі, «Nur Otan» партиясы

аудандық филиалының төрағасы

Басқа жаңалықтар

Back to top button