#Qazaqstan30Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысы

Оқушылар арасында сурет байқауы өтті

Іле ауданында жас суретшілер байқауы болып өтті. 8 қазан күні «Qazaqstan Jastary» қоғамдық қоры ұйымдастыруымен«Іле аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесімен бірлесе отырып Іле ауданының №13 мектебінде оқушылар арасында«Туған жер, менің отаным, менің тәуелсіздігім»атты тақырыпта сурет байқауының марапаттау кеші өтті. Жастарды өнерге баулу, туған елге, жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, дарынды балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға түрткі болуды мақсат еткен аталмыш іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылды.Шараға арнайы қонақ әрі төреші ретінде Қазақстан Республикасының Мәдениет Қайраткері, ҚР Суретшілер Одағы, Лондондағы Евразиялық Шығармашылық Гильдиясының Мүшесі Хамзин Болат Хусайнович шақырылды. Марапаттау рәсімінсуретшінің сөзі ашып,келесі сөз тізгінін Іле аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы М. Мақымов алып, қатысушыларды, олардың жетекшілері мен ата-аналарынқұттықтап, жас суретшілердің талаптарына жетістік, қоғамның белді азаматы мен азаматшалары болып өсулеріне тілектестік білдірді. Жеңімпаздарға құнды жүлделер, оның ішінде 1-орынды қанжығасына байлағанҚайрат Әділжанға планшет, өзге жүлдегерлерге мольберт пен суретші жиынтықтары табыс етілді.М. Мақымов өзге қатысушыларға ынталандыру сыйлығы ретінде Іле ауданының 90 жылдығына арналған, аудан тарихы мен бүгінінен сыр шертетін «Іле басы – даңғыл жол дарасы» кітабы меналғыс хаттар табыстап, бастамаларына береке тіледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button