#Qazaqstan30Алматы облысының жаңалықтарыҚазақстан Тәуелсіздігіне - 30 жылҚоғам

ЕГЕМЕНДІК – тұғырым

Биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алғанына 30 жыл толып отыр. Ең маңызды күн, ең қасиетті мереке!

Тәуелсіздік мерекесінің Егемен елімізде жыл өткен сайын қадір-қасиеті артып, ерекше аталып өтетіні әрбір елжанды азаматты толғандырары хақ. Желтоқсанның аязында жас өмірлері еліміздің болашағы үшін құрбан болған, бүгінгі бейбіт күніміздің есігін айқара ашып берген рухты жастардың ерлігін ұмытпауды жас ұрпақтың санасына жеткізу әрбіріміздің міндетті парызымыз.

 Ауданымыздың Қосөзен ауылындағы биыл жаңадан ашылған №50 орта мектебінде Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейлі мерекесі кең аталып өтуде. Тәуелсіздік күніне арналып ашық сынып сағаттары, атап айтқанда, 7 «Б» сыныбының жетекшісі М. Рахимбаева «Тәуелсіздік жетістіктері», 8 «Ә» сынып жетекшісі Г. Жетпісова «Тәуелсіздік тұғырым – елдігімнің айғағы» атты іс-шаралар жоғары деңгейде аталып өтті. Жас азаматтарды еліміздің нағыз патриоттары, өзгерістерден қаймықпайтын, еңбекқұмар, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, қайсар етіп тәрбиелеуді, дәстүрімізді, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейтін «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы мүшелері арасында мәнерлеп оқу, сурет байқаулары өтті.

Мен қазақпын, ұланымын елімнің,

Мен қазақпын,тірегімнің жерімнің.

Ұланымның туын көкке көтерген,

Ертеңімін Егеменді елімнің! деп жырлаған жастардың көзінде Отанға деген махабат, болашаққа деген үлкен сенім байқалды. Тілегіміз жастарымыз Тәуелсіздігіміздің туын биік ұстайтын ел патриоты болып өсе берсін! Мереке құтты болсын!

М. Рахимбаева, Г. Жетписова,

№50 орта мектеп

Басқа жаңалықтар

Back to top button