#Qazaqstan30Алматы облысының жаңалықтарыҚоғам

ТЫҢ ӨЗГЕРІСТЕР ЖАРҚЫН БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ

Мемлекет басшысының Республикалық телеарналардан көрсеткен Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелеріне қатысты бейнеүндеуін толық көріп шықтым. Мен Іле аудандық Аналар кеңесінің төрағасы ретінде, ең алдымен ана ретінде жас ұрпақтың, балаларымның болашағына бей-жай қарай алмаймын. Сол себепті, ел президентінің бейнеүндеулерін, жолдауларын жібермей көруге тырысамын. Бұл жолғы сенаттың жалпы отырысында «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының «Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Конституциялық заң жобасы қаралып, құжатқа түзетулер енгізілгендіктен заң жобасы Мәжіліске қайтарылғандығы жөнінде айтылды. Бұл дегеніміз үлкен өзгерістің болатынын білдіреді. Қалай болса да, мемлекет басшысының шешімі халық игілігі үшін жасалатыны анық. Жарқын болашақ үшін, тың өзгерістердің қажет екені айдан-анық. Барлық қазақстандықтарды өзгерістерге дайын болуға және сындарлы саясатын қолдауға шақырамын.

Мейрамгүл Түйебайқызы,

 аудандық Аналар кеңесінің төрағасы

Басқа жаңалықтар

Back to top button