Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыҚоғам

Тәрбиенің ең тамаша мектебі–отбасы

Адам баласының ең бірінші  байлығы –отбасы құндылығы . Бала тәрбиесіндегі ата — ананың алатын орнының ерекше екені баршамызға мәлім. Жанұядағы ата — ана және бала арасындағы қарым — қатынасты нығайту, ата — анаға деген бала махаббатын ояту, мектеп, ұстаз, ата — ана бірлігін нығайту, отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым — қатынасты қалыптастыру, үлкенді сыйлауға, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу мақсатында «Мерейлі отбасы» конкурсын өткізу дәстүрге айналған.
Отбасы — жаһандық дамудың маңызды элементтерінің бірі. Отбасы құндылығы, оның адамзаттың дамуындағы рөлі көптеген халықаралық нормативтік актілерде көрініс табады. Әр елдің отбасы саясатында отбасы институтын нығайтуға және қорғауға ерекше мән беріледі. Бүгінгі таңда отбасы қоғамды ізгілендіру мен біріктіруге, тұлғаны әлеуметтендіруге шақыратын, кез келген ортада толерантты болуға тәрбиелейтін әлеуметтік мәдени институт. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауында отбасы және бала институтын қолдау, инклюзивті қоғам құру мәселесін көтерді. Онда бала құқығын қорғау және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселесіне де тоқталып өткені баршамызға мәлім.

2013 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» Заңға өзгертулер енгізу жөніндегі Жарлығына сәйкес, қыркүйек айының екінші жексенбісі Отбасы күні болып бекітілген болатын. Мереке қарсанында жыл сайын «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы өткізіледі. Осы байқауға берекесі мен бірлігі жарасқан Боралдай кентінің тұрғындары да қатысып белсенділік танытады деген үміттемін.

Абдуллаева Гүлмира Сәденқызы

Боралдай кенті әкімі аппаратының бас маманы

Басқа жаңалықтар

Back to top button