Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыБасты ақпаратДенсаулықҚазақстан жаңалықтарыҚоғам

АДАМ ЖАНЫНЫҢ АРАШАСЫ

Құрметті ақ желеңді абзал жандар!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Медицина қызметкерлері күні біздің елімізде дәстүрлі түрде аталып өтеді. Дәрігерлер, медбикелер және денсаулық сақтау саласының барлық мамандары аудан тұрғындарының денсаулығына қамқорлық жасау жолында күні-түні аянбай еңбек етіп, өз уақыттарын аямай, қарлығаштай қанатынан су сеуіп, адам өмірін сақтауға деген антына берік екенін көрсетіп келеді.

Нағыз кәсіби маман өз тәжірибесін жетілдіріп, білімін толықтырып, заманға сай өзгерістер мен жаңалықтарды үйренуден ешқашан шаршамайды. Себебі, олар – адам жанының арашашысы. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген қазақ халқы адам өмірін ұзартуға септігін тигізіп, ажалдан құтқарушы дәрігер мамандығын ежелден қастерлеп, құрметтеген. Ауданымызда денсаулық сақтау саласын дамыту, тұрғындарға заман талабына сай, қолжетімді және сапалы медициналық қызмет көрсету жолында бар мүмкіндіктер жасалуда. Бұл күні біз күн сайын жоғары кәсібилік пен өз ісіне адалдық танытып жүрген медицина саласының барлық мамандарына зор ризашылығымызды білдіреміз.

Құрметті медицина қызметкерлері, ерен еңбектеріңізге, шипалы алақандарыңызға, мейірімді жүректеріңізге алғысымыз шексіз. Еңбектеріңіз халыққа қуаныш сыйлап, өздеріңізді нұрға бөлесін. Біз медицина саласының қызметкерлері өздерінің қажырлы жұмысы мен талантының арқасында ел-халқының игілігі үшін қазақстандық денсаулық сақтау саласын дамытуға зор үлес қосып, жаңа шыңдарға жете алатынымызға сенімдіміз.

Ардақты ақ халатты мейірбан жандар!!! Кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, Сіздерге ертеңгі күнге деген сенімділік пен алға қойған жоспарларыңыздың орындалуын, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, күш-жігер, баянды бақыт пен шығармашылық табыстар тілеймін.

Бағдат ҚАРАСАЕВ, аудан әкімі

Басқа жаңалықтар

Back to top button