Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыБасты ақпаратБілім және ғылымЗнай нашихҚоғамТұлға

Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады

«Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды», – деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай кез келген мемлекеттің тірегі ана тілі болмақ. Тіл арқылы адамдар бір-бірімен пікір алмасып, өзара түсінісіп, оны қатынас құралы ретінде пайдаланып отырады. Тіл әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол – атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Тіл өлсе, ұлттың да өмір сүруі мүмкін емес. Тіл мерекесі басталысымен №1 орта мектептің ұстаздары да жоспарға сай оқушылармен біріге отырып, мерекені атап өтті. «Заңғар», «Словесник» әдістемелік бірлестіктері «Тіл – татулық тірегі» тақырыбында үш тілде мәнерлеп оқу сайысын ұйымдастырды. «Зерде» әдістемелік бірлестігі «Өнер алды- -қызыл тіл», «Тілден асқан жүйрік жоқ» тақырыптарында оқушылар арасында қызықты сайыстар өткізді. Сонымен қатар «Ойлы болсаң, озып көр», «Aqyl battle» интеллектуалды ойындары тілдің құдіреттілігін тағы да дәлелдегендей болды. «Тіл арқылы табиғатты жырлаймыз», «Тілім менің – тірегім» әдеби кештері, «Тіл тағдыры – ел тағдыры» дөңгелек үстелі, «Тіл – татулық тірегі» спорттық ойындары, «Халықтар достастығы» фестивалі, «Тіл – ұлттың таңы, халықтың үні» кітап көрмесі, «Ана тілім – байлығым», «Туған тілім – тұғырым» тақырыбындағы тәрбие сағаттары, «Тілді құрметтеу – Отанды сүю» тақырыбында эссе байқауы жоғарғы деңгейде өткізілді. Тіл тағдыры – ел тағдыры екенін еш уақытта ұмытпайық. Әрбір адам өз ана тілін білуге және мемлекеттік тілін меңгеруге міндетті. Тілсіз тірліктің тасы өрге домаламайды. Өз тіліңізді сүйе отырып, өзге тілге құрмет білдіріңіз.

Р.МАТАКБАЕВА,

 №1орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Басқа жаңалықтар

Back to top button