Тілді құрметтеу – отанды сүю
Әр халықтың тағдырына табиғатпен тартылған сыйы: біріншісі – жері, екіншісі – тілі. Тіл – қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры, тәлімі мен тәрбиесінің түп тамыры, қатынас құралы. Демек, тілдің, сөздің орны ерекше екені бесенеден белгілі. Міне, осы орайда ана тілімізді қастерлеу әрқайсымыз үшін парыз. ХХ ғасырдың ұлы жемісі – қазақ халқы үшін егемендіктің көк туы желбіреуі. Ата- -бабаларымыз көксеген, армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Ендігі мақсатымыз – ұлттық рухты, түскен еңсені көтеру. Қазақ тілі – халқымыздың тарихы, шежіресі, арманы мен үміті, қайғысы мен қуанышы, күллі рухани өмірінің үні. Қазақ тілі – халқымыздың өткен ұрпағын тарихи біртұтастық, ажырамас бірлік жағдайда мәңгілік біріктіретін ең сенімді құрал. Мұны Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзімен айтқанда «Өзіміз ана тілімізде сөйлемейінше, өзге ешкім де бұл тілді шындап құрметтей қоймайтынын түсінуге тиіспіз. Бұл – аз уақыттың аясында тындырып тастайтын іс емес. Бұл мемлекеттік тұрғыдан, ұзақ жылдар бойы, ұдайы айналысатын іс» деген. Баршамызға мәлім Қазақстан Республикасынң тіл мерекесі әр өңірде 5-22 қыркүйек арасында атлып өтіледі. Осы мерекеге Жаңадәуір ауылы, №5 орта мектеп ұжымы да өз үлесін қосты. Мектеп файесіне «Тілді құрметтеу – Отанды сүю» тақырыбында тіл айлығына байланысты бұрыш жасалып, айлық жоспар бекітілді. 5 қыркүйек күні тіл айлығының ашылу салтанаты дүркіреп өткізілді. Мектебіміздің директоры Төрегелдиев Мақсатжан Талғатбекұлы сөз сөйлеп өз жылы лебізін айтып, тілге деген құрметін айрықша көрсетті. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірліестігінің жетекшісі Райымкулова Лялйя Боранкуловна да сөз сөйлеп, тіл – ұлттың жаны, халықтығының асыл белгісі, намысы, тыныс тіршілігінің көзі екенін айтып барша ұжымды тіл айлығының ашылуымен ерекше құттықтады. Биылғы жылғы атаулы мерекелерге орай Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына да ерекше тоқталып өтті. Оқушылар шығармаларын жатқа айтып, еңбек жолымен таныстырды. Д. А. Қонаев атамыздың да 110 жылдығына байланысты оқушылар өз тақпақтарын жатқа оқып, өмір жолын, арнауларын жеткізді ерекше видеороликтермен таныстырылым жасалды. Әр пән бірлестіктері ерекше видеороликтер жасап, таныстырды. Оқушылар да ерекше көңіл күймен тыңдап, жақсы әсер алды. Бектілген жоспар бойынша ұстаздар қызықты іс-шаралар мен түрлі сыныптан тыс сабақтар өтіп, оқушылардың тілге деген құрметін одан әрі дамытып, өз үлестерін қосуда. Біз бүгін Тәуелсіз Қазақстанда, құқықтық мемлекетте өмір сүріп келеміз. Өз кең байтақ жеріміз, мемлекеттік тіл статусына ие ана тіліміз бар. Бұл – ел ынтымағы пен бірлігінің үлкен жемісі. Ендеше, «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» деген халқымыздың даналық сөзі. Тіл – жас ұрпақтың қолында. Тілді сүю – Отанды сүю болып табылады.
Таңшолпан ЛИХАН,
№5 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі