Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАхмет БайтұрсынұлыБілім және ғылым

Мұражай маған сыр шертті

Мектебімізде өтіп жатқан Тіл айлығына, Ахмет Байтұрсынұлы бабамыздың 150 жылдығына орай ұстазымыз Арайлы Рахымбердіқызының бастамасымен Алматы қаласында орналасқан. Орталық Азиядағы байырғы, әрі ең ірі музейлердің бірі. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық мұражайына саяхатқа бардық.
Алғашқы коллекциялары ХІХ –ғасырдың басында толыққан музейден алған әсерімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.


Қоры материалдық және рухани мәдениеттің 300 мыңға жуық құндылықтардан тұратын бұл мұражайда 7-экспозициялық зал жұмыс істейді екен. Саяхат барысында мен үшін маңызды болғаны Алаш арыстарына қатысты тарих пен Алтын адам экспонаты болды. Ахмет бабамыздың қайраткерлік өмір жолы жайлы мол мағлұмат алып, білімім шыңдалды. Өз халқымның тарихы мен мәдениетімен терең танысқан бұл күн, бабаларымның батырлығы мен жетістіктері көңілге мақтаныш сыйлады Ал Тәуелсіз еліміздің тарихы жайлы сыр шертілген төртінші зал маған және достарыма болашаққа бағдар берді.

Ербол АЛИЕВ
Жаңаталап ауылы
№25 орта мектептің
7 «А» сынып оқушысы

Басқа жаңалықтар

Back to top button