Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыҚоғам

Қарттарым, аман-саумысың?!

1-қазан Халықаралық қарттар күні. Осы мерекенің барысында 7а сынып оқушылары сынып жетекшіміз Арайлы Рахымбердіқызының бастамасымен ауданымыздағы Эсмира Қаманқызы 2012 жылы ашқан «Жылы шаңырақ» қарттар үйіне бардық. Ата-аналарымыз берген тәтті дәмділерден дастархан жайдық, өнерлерімізді көрсетіп, қарттарға ақ тілектерімізді білдірдік.

Сыныптасым Оразбекқызы Іңкәрдің ата-анасы ұсынған қыстық шұлықтарды сыйладық. Жан дүниемізді сілкінтіп, ой салған сапардың бірі болды. Өйткені күш-қуаттарын сарқып, баладай күйге түскен ата-әжелеріміздің көздері сағынышқа, мұңға толы екенін көруге болады. Әрине ата-анасын қараусыз қалдырған аға, әпкелерімізге ренжідік.
Сабақ алдық! Ата-анамызды құрметтеуге, олардың алдындағы перзенттік парызымызды адал атқаруға уәде бердік.
Әлемдегі барша қарттарға денсаулық пен бақытты қарттық тілейміз.

Ақниет Қайролла
Жаңаталап ауылы
№25 орта мектептің
7 «А» сынып оқушысы

Басқа жаңалықтар

Back to top button