Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыБасты ақпаратБілім және ғылымҚоғам

Ізгіліктің қайнар бұлағы

Құрметті ұлағатты ұстаздар қауымы!!!

Қазан айының алғашқы жексенбісімен қатар келген кәсіби мерекелеріңіз – «Ұстаздар күні» құтты болсын.

«Ұстаз болу – өзіңнің уақытыңды аямау, өзгенің бақытын аялау» — дегендей, ұстаз болу – аса маңызды және өте қиын мамандық. Өйткені, ұстаз білім беріп қана қоймайды, баланы болашақ үлкен өмірге дайындап, білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беріп, жақсы қасиеттерді бойларына дарытып, адамгершілік рухта тәрбиелейді. Сіздер, мұғалімдер, Ұстаз деген ұлағатты есімге кір келтірмей, аянбай еңбек етіп келесіздер. Себебі, сіздер – ізгіліктің қайнар бұлағысыздар!

Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі – қазіргі ұстаздардың қолында. «Жаңа Қазақстан» атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуде. Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке апарар жолдың бастауы мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі – мұғалім.

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» — деп қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы айтқандай, Сіздер, ұстаздар қауымы, жастардың болашағын айқындап, болашағына бағыт-бағдар бересіздер, тәлім-тәрбие беріп, жүректерін білім нұрына толтырасыздар. Бүгін еккен дәндеріңіз – ертеңгі жеңісті-жемісті күннің кепілі. Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырады.

«Ұстазы жақсының – ұстанымы жақсы» деген халқымыз. Ұстазсыз адам болмайды. Бәріміз де кезінде мұғалім тәлімін алып, білімін үйрендік. Сондықтан, болашаққа жол сілтейтін мұғалім еңбегін лайықты бағалау – өте маңызды міндет» — деп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың айтқан сөзі ұстаздар қауымына берілген нақ баға деп түсінеміз.

Құрметті ұстаздар! Жас ұрпақтың құрметі мен махаббатына бөленіп, халықтың ыстық ықыласына кенеле беріңіздер. Сіздерге бүгінгі мереке қарсаңында шығармашылық табыс тілеймін, ғылым-білім саласындағы жаңалықтарыңыз арта берсін. Білімді шәкірттеріңіз көп болсын. Мерекелеріңізбен! Мерейлеріңіз үстем болсын!

Б. ҚАРАСАЕВ,

аудан әкімі, аудандық «AMANAT» партиясы филиалының төрағасы

Басқа жаңалықтар

Back to top button