Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыБасты ақпаратЗаң және бізҚоғам

Партия – өз есебін берді

Өткен аптада Өтеген батыр ауылындағы №38 мектеп-гимназиясының мәжіліс залында «AMANAT» партиясы Іле аудандық филиалының кезектен тыс XXXIV конференциясы өтті.

Күн тәртібіне орай, «AMANAT» партиясы Іле аудандық филиалының 2022 жылы атқарған жұмыстары мен 2023 жылға арналған жоспары және аудандық депутаттық фракциясының жұмысы туралы Іле аудандық филиалының атқарушы хатшысы А. Сатибаев баяндама жасап, 2022 жылы атқарылған жұмыстар сараланды, алдағы міндеттер айқындалды.

Ол өз сөзінде «Бүгінгі таңда «AMANAT» партиясының Іле аудандық филиалында 13 бастауыш партия ұйымы, 163 партия тобы, оның ішінде 9123 партия мүшесі бар. 2022 жылы 608 адам партия қатарына қабылданып, 743 адам партия қатарынан шығарылды. Жылдың басынан партиялық кеңесші органдарының (Саяси кеңес, Саяси кеңес Бюросы, депутаттық фракция) жұмысы бойынша 15 барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары тарапынан 172 қабылдау өткізілді.

Ауызша өтініштер – 78, желі арқылы берілген өтініштер – 24, жазбаша өтініштер – 67, Egov арқылы берілген өтініштер саны – 2, электронды берілген өтініштер саны – 11. Қабылдау барысында өтініштердің 60%-ы оңтайлы шешілді. Отырыс өткізіліп, 45 ұсынымдар беріліп, оның 41-і орындалды» — деді.

Конференция барысында «AMANAT» партиясы Іле аудандық филиалының 2022 жылы атқарған жұмыстарына және Іле аудандық депутаттық фракциясының жұмысына «қанағаттанарлық» деген баға берілді. Күн тәртібіндегі үшінші мәселе қаралып, дауыс беру нәтижесінде «AMANAT» партиясы Іле аудандық филиалының төрағасы лауазымына Алмасбек Қожабекұлы Сатибаев сайланды. «AMANAT» партиясы қоғамдық бірлестігі Жарғысының 9.6. тармағына сәйкес «AMANAT» партиясы атынан 2023 жылы өткізілетін ауылдық округ әкімдері сайлауына қатысу үшін Қараой ауылдық округі әкімі лауазымына Ортыбаев Қайрат Әуелханұлы, Боралдай кенті әкімі лауазымына Қоңырбаев Данияр Төлеуханұлы, Жетіген ауылдық округі әкімі лауазымына Абилев Нұрлан Абилұлының кандидатуралары талқыланып, бірауыздан бекітілді.

Жиын соңында «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Көбентаев Аслан Нұрахметұлы қорытынды сөз сөйлеп, жаңа сайланған аудандық партия филиалының төрағасы А.Сатибаевты құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Сонымен қатар, партия жұмысын жаңа форматта ұйымдастыру, алдағы келе жатқан сайлау науқанына дайындық барысы т.б. мәселелерге тоқталып, филиал жұмысына сәттілік тіледі.

Б. ЧОЙБАСОВ

Басқа жаңалықтар

Back to top button