Спорт

Жетіген оқушылары шыңды бағындырды

Жексенбек Құдайбергенов ат-ындағы №11 орта мектептің кадеттері Іле Алатауы тауының теңіз деңгейінен 3999 метр биік-тіктегі «Амангелді» шыңын бағындырды.

Бұл экскурсиялық саяхат Социалистік Еңбек ері, Ұлы Отан соғысының ардагері Жексенбек Құдайбергеновті еске алуға арналды.

«Амангелді» шыңы Кіші Алматы шатқалында «Тұйық-Су» шатқалында орналасқан және жергілікті альпинистер арасында өте танымал шыңдардың бірі болып табылады.

«Амангелді» шыңын бағындыру кадет сыныбында білім алып жатқан жас сарбаздар үшін үлкен жаңалық және болашаққа деген қадамдарын нық басуына мотивация болып саналатыны сөзсіз.

Шыңға өрмелеудің өзі барлық қатысушылардың жақсы физикалық дайындығына, табиғатты аялауды, өр-мелеу-шыңды бағындыру сынды спорт-тық саламен етене танысуға мүмкіндік береді. «Кадеттер тапсырманы өте жақсы орындады.

Олар экскурсияның қайта қайталануын ұсынды. Біз алда тағы да  шыңдарды бағындыруға келуге бел будық», — деп атап өтті кадет сыныбының куратор-тәрбиешісі Алтай Мұқатов.

«Біз таудың қиын соқпақтарынан өттік. Суық, жел қатты болды. Тайғақ көк мұзбен жүріп отырып, көтерілдік, кейбір жерлерде тіпті қауіпті. Шыңды бағындырып, көк туымызды желбіреткенде кадеттердің мойнынан ауыр жүк түскендей болды.

Төмен қарай түсу де оңайға соққан жоқ.  Борпылдақ және тайғақ мұз басталғанға дейін тастармен төмен қарай ұқыпты және баяу жүрдік.

Бұл менің алғаш рет тау шыңына көтерілуім. Кадет сыныбының ауыз-біршілігін, бауырмалдылығын айқын көрсетті деп толық айта аламын.

Менің ойымша, бұл, ең алдымен, ержүректілікке және болашақтағы кадет сыныбының түлектеріне кездесетін ке-дергілерге арналған сабақ деп білемін. Кадет жетекшілеріне айтар алғысым шексіз», — деп бөлісті кадет сыныбының оқушысы Алмат Орынбасар.

Айта кету керек, кадет сыныптарындағы оқу процесі, ең алдымен, жасөспірімдерді патриотизм, Отанға деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелеуге бағытталған.

 Оқушыларды оқыту әдеттегі жалпы білім беру бағдарламасы шеңберінде, сондай-ақ, күш құрылымдарындағы одан әрі қызметке олардың қабілетін арттыру мақсатында саптық даярлық, атыс дая-рлығы бойынша қосымша сабақтар шең-берінде жүзеге асырылады.

Бағдат ЧОЙБАСОВ

Басқа жаңалықтар

Back to top button