Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыАуыл шаруашылығыҚоғамӨндіріс және кәсіпкерлікЭкономика

КӨРШІЛЕРІМІЗДІ АРЗАН ДИЗЕЛЬМЕН «ТАМАҚТАНДЫРЫП» ЖАТЫРМЫЗ

Күні кеше ғана ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов жанармай нарығындағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасап, елді елең еткізгені мәлім. Министрдің дерегіне сүйенсек, алдағы уақытта бензин мен дизель отынының бағасы артады. Бұл өзгерістің аграрлық сала, жүк көлігі тасымалдарына тікелей қатысы бар екені айтпасақ та белгілі. Осы жәйтке байланысты жүк көлігімен жиі жүретін жүк тасмалдаушылардың бірі болғандықтан  пікірім мынаған саяды. Мысалы дәл бүгінгі күні сонау Өзбекстан мемлекетінде дизель бағасы 480 тг көрсетіп тұр. Ал. Біздің баға 230 тг құрайды. Кімдікі арзан? Осыдан кейін жүк тасымалдаушы қауымы қай мемлекеттен көбірек дизель жанар жағар майын көбірек алғысы келетіні айдан анық көрініп тұр ғой. Қазақстан мемлекеті көршілес мемлекеттерді арзан дизель отынымен көпе-көрнеу  «тамақтандырып» отыр десек қателеспейміз.  Олардың жүк көліктері бізден 1 тонна артығымен алып  өз еліне сатып алыпсатар болып жүргендері көп. Мен кеше ғана Батыс Қазақстан, Орал қаласынан келдім. Ол жақта Оңтүстік Қазақстан сияқты дизельге тапшылық аз. Өйткені нағыз сауда-саттық жүк тасымалдау еліміздің оңтүстік аймағы болғандықтан біз жақта жанармай станцияларында дизель тапшы. Оның үстіне көршілес Қырғызстан, Өзбекстан азаматтары дизельді бізден алады. Бір алғанда мол қылып алады. Енді қазір жанармай станциялары жүк тасымалдайтын жүк көліктеріне 300 литрден аспайтын лимитпен құятын болды. 300 литр деген ол 700-800 шақырым жол жүретіндей көлемде беріледі. Соның өзінде де ол дизельдің  Еліміздің жанар жағармай резервінің таусылуына әкеліп соғатын арзан бағадан қиын болсада алыстауымыз керек.  Дизель бағамының өсуі ең алдымен табиғи рессурстарымыздың таусылуының алдын алу деп ойлаймын.  Тасымалдауда қымбаттайды, оған қоса тауардың бағасы өседі. Қымбатшылыққа қатты ұрынбау үшін халықтың айлығында өсіру керек шығар. Ең бастысы қарапайым азаматтарымыз бағаның өсуінен зардап шегіп ақлмаса екен деген өтінішіміз бар.

Алматы облысы, Іле ауданы Нұрлан АҚТЫМБАЙ, жүк тасымалдаушы

Басқа жаңалықтар

Back to top button