Энергетический ауылдық округі

ЕРЛІГІҢ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ, АРДАГЕРІМ

9 мамыр күні Жеңістің 78-ші көктемінде Іле тұрғындары Өтеген батыр ауылындағы арбатта қайта бас қосып, соғыста опат болған сарбаздарды еске алып, ескерткштерге гүл шоғын қойды. Барлығы бір минуттық үнсіздік жариялап Отан үшін опат болған майдангерлерге тағзым етті.  Шараға ауданымыздың ардагер ұйымдары, аудан қонақтары, аудандық мәслихат депутаттары мен тұрғындары қатысты.

Шараның шымылдығын аудан басшысы Бағдат Қарасаев ашты. Ол Ұлы Жеңістің оңай келмегендігін, өскелең ұрпақтың жарқын болуы үшін фашизімді тоқтата білген ардагерлердің ерен ерлігін баяндады. Гүл шоғын қою рәсімінде аудан ардагерлер ұйымының төрағасы Ә. Исаев: «Қанша жанның тағдырын қиып, бірін – әкеден, бірін – бауырдан, енді бірін асыл жарынан айырған алапат майданның аяқталып, еліміздің көгінде Жеңіс туының салтанат құрғанына биыл 78 жыл толып отыр. Соғыс жылдары әрбір бесінші қазақстандық майданға аттанды. Жерлестеріміз ұрыстарда батылдық танытты. Ал тылда қалған қарттар, әйелдер мен балалар күні-түні аянбай еңбек етті. Біз – Жеңіске жеткен бабалардың ұрпағымыз. Сол алдыңғы буын – әкелеріміз бен аталарымыздың арқасында бейбіт өмір сүріп келеміз. Сондықтан ардагерлеріміз мерекеде ғана емес, күнделікті өмірде де барлық құрметке лайық, – деді ақсақал. «Жаныңнан күдер үзе соғыспасаң, жауды күйрете алмайсың!» – дейді Бауыржан Момышұлы. Кешегі батырларымыз жанынан күдер үзсе де, жеңістен күдер үзген жоқ. Сол қайсарлықтың арқасында біз бейбіт күннің баласына айналдық. Кешегінің ұланы,, бүгінгінің ұранына айналған қасиетті елдің батырлары ешқашан ұмытылмақ емес.

Аудан орталығындағы орталық ста-дионда тарихи қойылымдар қойылып, аудандық Мәдениет бөлімі ұйымдастырған шағын концертке ұласты. Бұл күні Өтеген ауыл тұрғындары мереке күнін аудан қонақтарымен бірге кеңінен атап өтті.

Өз тілшіміз

Басқа жаңалықтар

Back to top button