Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыБасты ақпаратДенсаулықЗаң және бізЗнай нашихҚазақстан жаңалықтарыҚоғамМәдениетМерекелерТұлға

Балаларға барлық жақсылық жасалды

Өткен аптада Іле ауданындағы 100-ге жуық мүмкіндігі шектеулі балалар өз мерекелерін аудандық Мәдениет үйінде кеңінен атап өтті. 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні өткен «Бар мейірім – балаларға» тақырыбындағы мерекелік іс-шараны Алматы облысы, Іле ауданы, «Мейірім» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің, Іле аудандық филиалының директоры Күлән Байзақова  ұйымдастыруымен, «Arena S» жауапкершілігі  шектеулі серіктестігінің демеушілік жасады. 

Мерекеге жиналған балалар мен ата-аналар қызықты сәттер мен түрлі концерттік бағдарламалардың  куәсі болды. Алдымен балабақша тәрбиеленушілері әр тобындағы балаларды құттықтап шығып, орындарына жайғастырды. Мәдениет үйінің директоры Қарлығаш Ахметбаеваның мерекеге орай орайластырылған шағын концерті  көпшілікті тәнті етті. Мерекелік шарада сөз алған «Мейірім» мүгедектер қоғамы бірлестігінің директоры Күлән Құманқызы:  «Келешек ұрпақтарды тәрбиелеу, балалардың болашағы тәуелсіз еліміздің Президенті – Қ.Тоқаевтың әрбір сөзінен қамқорлықпен көрініс тауып келе жатыр. Балалар – біздің болашағымыз, егемен еліміздің ертеңгі алтын тұтқасы. Әрбіріміз солардың риясыз шаттығына себепші бола білсек, өмірдегі бақытымыздың мәні де сол болмақ», — деді.

Айта кетейік, алғашқы халықаралық балаларды қорғау күні 1950 жылы өткізілді. БҰҰ аталған бастаманы дер кезінде қолдап, балалардың өмірін, құқығын, денсаулығын қорғауды өз қызметінің басты бағыттарының біріне айналдырды. Балаларды қорғау күні олардың өмірін соғыстан қорғау, денсаулығын сақтау, болашақ ұрпаққа демократиялық негізде білім мен тәрбие беру жөніндегі барша әлемдегі озық пікірлердің тоғысқан арнасы десек, артық айтқандық емес. Дәл осы күні болашақта адамгершілікке, әділдікке, баянды өмірге толы қоғам құру үшін оның негізі – балаларға барлық жағдай жасау керектігі тағы да паш етіледі. БҰҰ-ның жүргізген сауалнамасына жүгінсек, бүгінгі таңда әлемде әрбір оныншы бала үлкендер тарапынан жасалатын зорлық пен зомбылыққа ұшырайды екен. Әлемде өмірі қатерге толы балалар да баршылық. Аш-жалаңаштық, соғыс өрті, терактілер балалар ғана емес, үлкендердің де психикасына кері әсерін тигізеді. Бұл – қорғансыз балалардың басына түскен үлкен ауыртпалық екендігі шындық. Жасөспірімдер арасында нашақорлар саны өсуде, олардың жартысынан астамы ішімдік ішуден де кет әрі емес. Осылайша, Балаларды қорғау күні – мереке ғана емес, сонымен қатар, болашаққа бағдар жасайтын маңызды шараның бірі. Адамзаттың алдында тұрған зор міндет – болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру.

Ізгілікті шараның соңы аудан өнерпаздарының қызықты концерттік бағдарламасына ұласты.

Өз тілшіміз

Басқа жаңалықтар

Back to top button