Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыБасты ақпаратЗаң және бізҚоғамТұлға

Құмар ойынға құрық салынбақ

Іле ауданының әкімдігі  Алматы облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өкілдерінің  бастамасымен «Лоторея және лоторея қызметі туралы» Заңдың аясында 16. 06. 2023 жылы сағат 10:00-де   жиналыс өтті. Жиналысқа Іле ауданының полиция басқармасының өкілі,  Іле ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының маманы,  ауыл және  Боралдай кентінің мамандары мен дүкендер, базарлар, кафелерінің  қызметкерлері қатысты.

Баяндамашы – Алматы облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өкілі Бақытжан  Жаксыбековке  сөз берілді.

2023 жылдың 16 маусымы  күні   күні 2016 жылдың 9 сәуір айында «Лотерея және лотерея қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданған.

Заңның 5-бабына сәйкес, Лотерея операторы болып табылмайтын тұлғаның лотерея өткізуіне, сондай-ақ заңда көзделмеген басқа лотереяларды өткізуіне тыйым салынады. Лотерея атын жамылып, құмар ойындарын және (немесе) бас тігуді жүргізуге жол берілмейді.

Осылайша, Қазақстан Республикасының Үкіметі 2016 жылдың 2 қарашасынан бастап лотерея операторының рұқсаты бар жағдайларды қоспағанда, барлық лотереялық терминалдардың (сары-жасыл аппараттар) қызметіне тыйым салынатындығын айқындайды.

Қазақстан Республикасының Үкіметінің  2017 жылғы 10 ақпан айындағы №48 қаулысымен «Сәтті жұлдыз» АҚ лотерея операторы болып анықтады, «Сәтті жұлдыз» АҚ операторы ресми сайтта үш лотереялық өнімді ұсынады.

TeleBingo – бұл тираждық лотерея, әр сенбі күні сайын сағат 20:00-де «Жетінші арнада» көрсетілетін ұтыс ойыны. Ескі берілістің аналогы «ТВ Бинго» болып табылады.

LottoClub – бұл әр түрлі клубтық лотереялар желісі, онда LottoClub лотерея таратушыларын тауып бақылайды. Таратушылар өз кезегінде лотерея операторының өнімдерін  лотерея компаниясына және олар-дың клубтарына сатады.

LottoMatic – лотереяға қатысуға арналған жабдықты пайдалана отырып, өткізілетін бірнеше жеке электрондық лездік лотерея ойындарынан тұратын лотерея түрі.

Сонымен қатар, Іле ауданының аумағында заңсыз ойын бизнесін және заңсыз кәсіпкерлігін ұйымдастырудан көрінетін жалған лотереялық терминалдары байқалады. Бұл лотерея терминалдары адамдар көп жиналатын жерлерде орнатылады (супермаркеттерде, дүкендерде, базарларды, кафелерде, саябақтарда) және бұл біздің аймақ азаматтарының наразылығын тудыруы мүмкін.

Осыған байланысты, ЭТТД-нің қызметкерлерінің қатысуымен, лотерея атын жамылып, құмар ойындарын және облыс аумағында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырылуын, лотерея терминалдарының адамдар көп жиналатын жерлерде орналасу орындарын болдырмау мақсатында, профилактикалық іс-шараларын өткізу және түсіндірме жұмыстарын жүргізу қарастырылуда екенін атап  өтті.

Өз тілшіміз

Басқа жаңалықтар

Back to top button