Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыКеген келбетіҚоғам

АЛҒЫСҚА БӨЛЕНГЕН ТӘРБИЕШІЛЕР

Бүгінгі балалар бақшасындағы балапандар – ертеңгі мемлекет тірегі, кемел келешек!

Мемлекетіміздің оларға деген қолдауы мен қамқорлығы азаймайды. Осынау суреттерден Жалаңаш ауылындағы жекеменшік «Кәусар-Інжу» атты балалар бақшасындағы «Қарлығаш» ересектер тобының балапандарын көруге болады. Аталған топтағы кішкентай балалар, қыз-ғалдақ қыздар тақпақ айтады, би билейді, сурет салуға, жазу жазуға ұмтылыс жасайды. Күні ертең олардың мектепте үлгілі шәкірттер боларына сенім мол. Балаларды құшақтарына тартып, маңдайларынан иіскеп, тәлім мен тәрбиелерін беріп жүрген Гүлзира Күлшашарова, Қымбат Дәркенбаева, бану Бозымбаевалар ата-аналарының да алғысына бөленген. Өз істерін жақсы біледі. Ұжым ортасында сыйлы да құрметті. Мынау жарық дүниеде балаларды баулығаннан, шәкірттерге тәлім бергеннен артық ештеңе жоқ.

Индира БІРЖАНСАЛ

Суретте: Жалаңаш ауылындағы жекеменшік «Кәусар-Інжу» балалар бақ-шасындағы «Қарлығаш» ересектер тобының тәрбиешілері Гүлзира Күлшашарова, Қымбат Дәркенбаева, Бану Бозымбаева.

Басқа жаңалықтар

Back to top button