Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыҚоғамТалгар информацияТалғар - ақпарат

БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ОЙЫН АЛАҢЫ АШЫЛДЫ

Астана қаласының 25 жылдығына орай шілденің басында Панфилов ауылдық округінің Каменское плато ауылында балалар-спорт алаңы ашылып, қолданысқа берілді.

Жалпы 320 м2 алаңға балалар ойын алаңымен қоса стритворкаут алаңыда салынды.

Заманауи үлгіде сапалы материалдардан жасалған «әткеншек», «айналмақ», «сырғанақ» кезек-кезек мініп, мәз-мәйрам болған балалардың қуанышында шек жоқ.

Балаларға қуаныш сыйлаған бұл ерекше ойын алаңы аудан әкімінің қолдауымен іске асырылған. Мердігер ұйым «Ел- мұраты мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі. Қаражат соммасы 5 млн 243 мың теңге.

«Еліміздің келешегі – бүгінгі ойын балалары. Сондықтан да біз көп жағдайда олардың талап-тілегімен санасып, сұранысын қанағаттандыруға тиіспіз. Балалар ойнайтын, тіпті ересек адамдардың өзі демалатын алаңдарды көптеп салуымыз керек. Ойын алаңына орналастырылған жаңа жабдықтардың барлығы жоғары сапалы және біздің тарапымыздан балалардың жан-жақты қауіпсіздігі де ескерілді», – дейді ауылдық округ әкімі Дулат Дәулеталиев.

Ата-ана үшін баласының қуанышты жүзін көруден, олардың шаттанған әрбір сәтіне куә болудан асқан қандай бақыт бар?! Қолдау білдірген аудан әкімдігі тарапына ата-аналардың алғысы шексіз.

«Бұрын балаларымыз мұндай ойын алаңында тек қалаға барғанда ғана ойнайтын. Ауылда ашылды дегенде қуанып, балаларымды ертіп келдім. Мәз-мейрам болып ойнап жүр. Көңілдерін көтеру үшін жиі-жиі келіп тұратын боламыз», – дейді ойнап жүрген балалардың әжесі.

«Мұнымен бұл жұмыстар тоқтап қалмайды. Жақында Панфилов ауылында алғаш рет 300 шаршы метр алаңға скейт-парк салынды. Мердігер ұйым «Аңсар» жеке кәсіпкер.  Қаражат соммасы 5 млн 209 мың теңге. Ал жыл соңына дейін Панфилов ауылында балалар алаңын және Қарабұлақ ауылында демалыс саябағын салу жоспарлануда», — деп атап өтті округ әкімінің орынбасары Арсен Құрманғазиев.

Жыл басынан бері Панфилов ауылдық округінде Қарабұлақ ауылының Әз-Жәнібек көшесіне асфальт төселіп, Панфилов ауылының Момышұлы көшесіне 34 дана көше жарықтары орнатылған. Тағы алты көшеге жарық шамдарын орнату жұмыстары жүргізілуде. Қызыл Ту ауылы Көкжиек ықшам ауданына Үлкен Алматы айналма жолының тунелінен еріген қар және жауын шашын суы ағуына орай арнайы жаяу жүргіншілерге тротуар салынды. Арқабай ауылына газ құбырларын тарту жұмыстары басталды.

Акан АКЫЛОВ

Басқа жаңалықтар

Back to top button