Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыБасты ақпаратКеген келбетіҚазақстан жаңалықтарыҚоғам

КАДРЛЫҚ ТАҒАЙЫНДАУЛАР

Нұрғазиева Назгүл Бекболатқызы – 1990 жылы Алматы облысы, Кеген ауданы, Шырғанақ ауылдық округіне қарасты Кіші Қарқара ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары.

2013 жылы — Д.А Қонаев атындағы көлік және құқық гуманитарлық университетін Құқықтану мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 2014 жылы Райымбек ауданының «Кеген ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бағдарламашысы болып бастаған.

2018 жылдан Кеген ауданы әкімі аппаратының бірыңғай персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімнің бас маманы болған.

2023 жылдың 11 шілдесінен бастап Кеген ауданы әкімі аппаратының бірыңғай персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімнің басшысы болып тағайындалды.

Чалгинбеков Бахытбек Жумабаевич– 1982 жылы Алматы облысы, Кеген ауданы, Жылысай ауылдық округіне қарасты Шыбышы ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары.

 2008 жылы – Қазақ ұлттық аграрлық университетін «Жер ресурстарын басқару және жер үлестіру» мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 2012 жылы «Алматы Жер ҒОО ЕМК» Райымбек жер кадастрлық филиалының технигі болып бастаған.

2014-2018 жылдар аралығында Райымбек ауданы «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы болған.

2018-2021 жылдар аралығында Кеген ауданының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы болған.

2022 жылдан Кеген ауданының «Ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы болған.

2023 жылдың 13 шілдесінен бастап Кеген ауданының «Жер қатынастары бөлімі»  мемлекеттік мекемесінің басшысы болып тағайындалды.

Өмірзақов Жасұлан Әбдірасылұлы– 1978 жылы 9 сәуірде Алматы облысы Кеген ауданы Қарқара ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары.

Еңбек жолын 2005 жылы «Тұйық поселкелік округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің коммуналдық шаруашылық жөніндегі жетекші маманы міндетін уақытша атқарушы болып бастаған.

2006-2007 жылдары «Тұйық поселкелік округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің коммуналдық шаруашылық жөніндегі жетекші маманы.

2007-2012 жылдары «Тұйық поселкелік округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маман-іс басқарушысы, 2012-2013 жылдары Райымбек ауданды Кеген ауылдық округі әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.

 2013-2021 жылдары Бөлексаз ауылдық округінің әкімі.

2021-2022 жылдары Тасашы ауылдық округінің әкімі.

2022 жылдың желтоқсан айынан Кеген ауданының «Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметін атқарған.

2023  жылдың 13 шілдесінен бастап Кеген ауданының «Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы» мемлекеттік мекемесінің басшысы болып тағайындалды.

Қалқаев Еркінбек Нұрахметұлы– 20 наурыз 1973 жылы дүниеге келген. Білімі – жоғары.

1999 жылы Абай атындағы Алматы мемлекетік университетінің Басқа ұлт мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1990-1996 жылдары Ұзынбұлақ асыл тұқымды қой совхозының көмекші шопаны.

1996-1997 жылдары «Жас Алаш» газетінің жарнама агенті.

1997-2004 жылдары Ы.Көшкінов атындағы орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

2004-2005 жылдары «Көзқарас-Позиция» газетінің ақпарат бөлімінің редакторы;

2005-2007 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде журналистика факультеті «Телерадио журналистика» кафедрасының маман-әдіскері;

2007-2009 жылдары Алматы қаласы әкімінің аппараты Тілдерді дамыту басқармасының бас маманы.

2009-2011 жылдары Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты Мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің бас маманы;

2011-2012 жылдары ҚР Техникалықреттеу және метрология комитеті Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты бас маманы;

2012-2018 жылдары Райымбек ауданының «Ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.

Бектенов Қанат Әуесханұлы 1983 жылы 29 қыркүйекте Алматы облысы Кеген ауданы Кеген ауылында дүниеге келген.

Білімі – жоғары.

2004 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагокикалық университетін «Географ, география мен экология пәнінің оқытушысы», 2012 жылы Алматы үздіксіз білім беру университетінің «Экономист» мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек жолын 2005-2006 жылдары Медеу мемлекеттік табиғи паркінің маманы болып бастаған.

2008-2009 жылдары Райымбек аудандық «Дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ-нің бас маманы;

2009-2010 жылдары Райымбек ауданы әкімнің көмекшісі;

2010-2012 жылдары Тұйық ауылдық округінің әкімі;

2012-2017 жылдары Шырғанақ ауылдық округінің әкімі;

2017-2018 жылдары Райымбек ауданының «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің басшысы;

2018-2021 жылдары Кеген ауданының «Қаржы бөлімі» ММ-нің басшысы;

2021 жылдан 2023 жылдың 13 шілдесіне дейін Кеген ауданының «Кәсіпкерлік бөлімі» ММ-нің басшысы қызмет атқарған.

2023 жылдың 13 шілдесінен бастап Кеген ауданының «Мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болып тағайындалды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button