Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыБасты ақпаратҚоғамӨндіріс және кәсіпкерлік

«JTI» ЭКСПОРТ КӨЛЕМІН ӨСІРУДЕ

Іле ауданы, Өтеген батыр ауылындағы Қазақстанның шылым нарығының көшбасшысы Japan Tobacco International компаниясы экспортты арттыру мақсатында Алматы облысындағы фабрикасында жаңа темекі өңдеу цехын ашты.

Іс-шараға кәсіпкерлік және өнеркәсіп саласы бойынша бақылаушы, Алматы облысы әкімінің орынбасары Р. Исатаев, Іле ауданының әкімі Б. Қарасаев арнайы келіп қатысты. Олар жаңа цехтың ашылу салтанатынан кейін темекі зауытының ішкі жұмыстарымен кеңірек танысты.

JTI – Қазақстанның экономикасына бағыттайтын жетекші инвестор және көшбасшы 10 кәсіпорынның, қомақты салық төлеуші компанияның бірі. Соңғы 5 жыл ішінде компания елдің экономикасына 530 млрд. теңгеден астам салық табысын қамтамасыз етті. Жекеменшік темекі фабрикасы Алматы облысында орналасқан, ол еліміздегі және өңірдегі ең ірі экспорттық хаб болып саналады. Портфелінде Winston, LD, Camel, Richmond секілді халықаралық брендер бар. Бұл компанияда 700-ге жуық адам қызмет етеді. 2020 және 2024 жылдар аралығында JTI өзінің қазақстандық фабрикасын қайта жабдықтауға 80 миллион АҚШ долларына жуық сома құюды жоспарлап отыр. Оның жартысы осы уақытқа дейін бөлінген. Өндіріс шамамен 20 пайызға өседі, негізінен экспортқа шығарылады деген болжам бар. Ал, жаңа 100 жұмыс орны ашылғанда компанияның қызметкерлер саны да өспек.

«Қазақстандағы өндіріске бағытталатын ондаған миллион доллар бұл нарықтың қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Біздің бұл нарықтағы үлесіміз 42 пайыздан асады. Осы орайда біз тұтынушыларымызды сапалы өнім сұрыпталымымен қамтамасыз етуге талпынамыз. Алматыдағы фабриканың өндірістік қуатын ұлғайтумен JTI компаниясында темекі өнімдерін Қазақстаннан экпорттау көлемін өсіруге тамаша мүмкіндіктер туындайды. Бұл JTI ғаламдық жеткізу тізбегін нығайтудағы маңызды қадам», — дейді JTI Қазақстан, Орталық Азия және Моңғолиядағы бас директоры Виктор Веклич.

Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джун Ямада:

«JTI компаниясының жаңа инвестициялары – жапондық компанияның ауқымды үлесі. Мен осы инвестициялар Қазақстанның экономикасына және еңбекпен қамтылуына ықпалын тигізеді деп үміттенемін. Бұл жаңалық елші ретінде менің де назарымды аудартты. Жапония Қазақстанды сенімді саяси әрі экономикалық серіктес ретінде қарастырады, елдеріміздің арасындағы екі жақты өзара серіктестіктің аясы кеңейе беруін қалаймын», — деді.

Жаңа темекі шикізатын қайта өңдеу желілері елдегі шылым өндірісін, оның ішінде Winston және LD өнімдерін еліміздегі ең танымал топ-3 брендтің тізіміне енгізе отырып, өндірісін автономды етуге және экспортқа шығатын өнімнің сұрыпталымын кеңейтуге жол ашады.

Компания Алматы облысында және жалпы ел бойынша ауқымды әлеуметтік және қайырымдылық жобаларын жүргізеді. JTI компаниясы Japan Tobacco компаниялар тобына кіріп, темекі өнімдері мен тәуелділігі аз өнімдердің халықаралық жетекші өндірушісі болып табылады. Компанияда әлемнің 70 елінде 46 000 адам жұмыс істейді, ал штаб-пәтері Женевада (Швейцария) орналасқан. 2022 жылы Алматыдағы фабрика ішкі нарық пен экспортқа арнап 8 миллиардтан артық шылым өндірген. «JTI Қазақстан» 2023 жылдың мамыр айында данамен есептегенде елдің шылым нарығының көшбасшысы болып танылып, 42.6 пайыз үлесін көрсетті. Жалпы өндірушілердің нарықтағы пайызы 2023 жылғы мамыр айындағы нарықтық көрсеткіші бойынша 0.5%-ға өскен.

Бағдат ШОЙБАС

Басқа жаңалықтар

Back to top button