Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыБасты ақпаратҚаратал хабарыҚоғамӨндіріс және кәсіпкерлік

ӘЛЕУМЕТТІК ДҮКЕН АШЫЛДЫ

Қаратал ауданы Үштөбе қаласында орналасқан «Даубай» дүкенінде әлеуметтік маңызды азық-түлікті нарықтағыдан төмен бағада саудалайтын әлеуметтік бұрыш ашылды.

Азық-түлік бағасын ырықтандыруда әлеуметтік дүкендердің маңызы зор. Осы орайда аталған әлеуметтік бұрышта азық-түлік бағасы нарықтағыдан 10-15 пайызға төмен бағада саудалануда. Мәселен, мұнда күріштің 1 келісі – 340 теңге, 1 сортты ұнның 1 келісі – 180 теңге, тұз – 70 теңге, макарон өнімдері – 380 теңге, қырыққабат – 130 теңге, картоп – 170 теңге, сәбіз – 190 теңге, пияз — 170 теңге, 10 дана жұмыртқа – 430 теңге және тағы басқа. Сөрелерде жалпы саны – 19 түрлі азық-түлік саудалануда.

Әлеуметтік маңызды азық-түліктің 80 пайызы — отандық өнімдер.

М. МАҚСЫМ

Басқа жаңалықтар

Back to top button