Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыКеген келбетіҚоғамӨндіріс және кәсіпкерлік

«Автомодельдеу» үйірмесінің берері көп

«Автомодельдеу» үйірмесінің берері көп. Жалаңаш ауылында жанға жағымды жақсылықтар мол. Соның бірі – өткен жылдан бері қарай ауылымызда техникалық, шығармашылық және кәсіби бағдар беру орталығы ашылып, жұмысын жүргізіп келеді. Аудан бойыныша мыңнан аса балалардың, қырыққа тарта ұстаздар мен білікті мамандардың басын құраған орталықта шәкірттеріме «Автомодельдеу» үйірмесі бойынша дәріс беріп келемін. «Автомодельдеу» үйірмесі оқушылардың шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға, ғылым, техника және технология саласындағы батыл ойларын іске асыруға мүмкіндік береді.  Осы үйірмеде  оқып, үйреніп білім алғаннан кейін жаңалыққа құштар, ғылымға  әуес  жас өнертпақштарды тәрибелеуді мақсат етеді деген ізгі ойдамын.

Жалаңаш ауылындағы техникалық, шығармашылық және кәсіби бағдар беру орталғындағы «Автомодельдеу» үйірмесінде  балалар  бүгінгі күн талабына  сай  түрлі автокөліктерді  құрастырып, шығу тарихы мен  зерттеу жұмыстарына  тоқталып,  толық мағлұмат алады. Автомодельдеу арқылы балалардың ойлау қабілеттері оянып, қиялдарына ерік беріледі. Балалар үйірме жұмысында  автомодельдеу, коллекция жұмысымен айналысып, ғылыми-технологиялық қызығушылықтарын, шығармашылық  қабілеттерін арттырады. Моделдердің механикалық қозғалысына мән береді. Үйірме балалардың болашақ  авто ісі мамандығына қызығушылығын оятып, соған баулып отырады. Автомодельдеу үйірмесінде  оқушылармен жүргізілетін техникалық-шығармашылық жұмыстардың нәтижесінде, көптеген оқушыларымыз  шығармашылық пен өнертапқыштық,  көлік құрастырудан өткен облыстық байқауда  командалық есеппен үшінші дәрежелі дипломмен марапатталды.   «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам»  атты инновациялық  идеялардың  облыстық байқауында және «Ұлы дала ұрпақтары» атты республикалық балалар мен жасөспірімдер шығармашылық фестиваль көрмесіне қатысып, І дәрежелі  дипломдармен марапатталды. Мұның бәрі   оқушылардың болашақ кәсіптерін анықтап, қабілеттерінің дамуымен қатар өздерін-өзі танып-білуге, техника әлемін зерделеуге, әртүрлі салалар бойынша қабілеттерін, біліктіліктерін шыңдауға мүмкіндік жасайды. Сөз жоқ, қай істе болмасын ортақ мақсатқа құрылған жұмыс атқарғанда ғана нәтижеге қол жеткізуге болады. Ендеше, біздің оқушыларымыз үздіксіз білім мен тәрбие берудегі шығармашылық табысқа жетудегі алар биіктері әлі де мол болмақ.

Берікбол Сембаев,

Жалаңаш ауылындағы техникалық, шығармашылық және

кәсіби бағдар беру орталығының «Автомодельдеу үйірмесінің» мұғалімі

Басқа жаңалықтар

Back to top button