Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыКеген келбетіҚоғамМәдениет

ЕТ ӨНІМДЕРІӨЗДЕРІНДЕ БОЛАДЫ

Кеген ауданының әкімі Теңізбаев Нұрбақыт Молдахметұлы Тасашы ауылдық округіне қарасты, Ақтасты ауылының маңында орналасқан ет өңдейтін комбинаттың құрылыс жұмыстарымен танысып қайтты. Тыныс-тіршілігі ауылшаруашылығына, оның ішінде мал шаруашылығына негізделген Кеген ауданында ет және сүт өңдейтін кәсіпорындар жоқтың қасы. Соның түйіні шешілетіндей. «КегенМясПром» ЖШС-і аудан аумағынан ет өңдейтін комбинаттың құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп келеді. Кеген ауылының күн шығыс жағынан салынып жатқан комбинаттың ғимараты бой көтеріп келе жатқаны қуантады.  Өңір тұрғындарынан, малшылардан қолайлы бағамен төрт түлік мал сатып алып жатса, тиімді болмақ.

Жалпы құны 2,5 миллиард теңгені құрайтын бұл жоба жүзеге асырылса, үлкен игілік болмақ. Ет комбинаты тәулігіне 50 бас іріқара, 150 бас қой, 10 бас жылқыны сою алаңына қабылдай алады. Жылына 3 мың тонна ет өңделеді. Жыл ішінде 331,5 тонна шұжық, 66 тонна консерві өндіру жоспарланған. Комбинат іске қосылған кезде 80 адам жұмыспен қамтылмақ.

Кеген ауданының әкімі Теңізбаев Нұрбақыт Молдахметұлы Тоқтарбек Баймолдаев басқаратын «КегенМясПром» ЖШС-і ет өңдейтін комбинаттың алдағы уақыттағы жоспарларымен танысты. Жақын күндері ел игілігіне берілетін болады.

ИндираБіржансал

Басқа жаңалықтар

Back to top button