#Qazaqstan30Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыБайсерке ауылдық округіҚоғам

Зорлық-зомбылықсыз өмір

Бүгінгі таңда  отбасындағы зорлық-зомбылық тақырыбы ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Себебі қоғамда орын алып жатқан түрлі жайттар қоғамды алаңдатпай қоймайды. Отбасындағы зорлық-зомбылық құрбандарының көпшілігі – моральдық тұрғыдағы мінеуден қорқып, құқық қорғау органдарына шағымданудан бас тартып жатады. Осыған сәйкес, әйелдер мен қыздар арасында әйелдердің құқықтық сауаттылығын арттырып, зорлық-зомбылықтың түрлері мен себептерін зерделеп, алдағы уақытта қылмыстық әрекеттерді болдырмау бағытында тиісті профилактикалық жұмыстар жасалуда. Округ әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиямен бірлескен Халықты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы таныстыру, қоғамда отбасының рөлін нығайту мақсатында ағымдағы жылдың сәуір айының 27 күні «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» акциясы аясында округке  қарасты барлық мектептердің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының, ақсақалдар, аналар, қоғамдастық, жастар кеңесі мүшелерінің, ауыл тұрғындарының қатысуымен семинар өтті.

Семинардың мақсаты: қоғамда әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты ескертуге және жолын кесуге, ана мен баланы қорғауға, қоғамдағы отбасының рөлін күшейтуге бағытталған, қабылданып жатқан шараларды таныстыру.

      Семинарда   зорлық- зомбылық туралы мағлұмат беріліп,   адамның ең басты құндылығы оның бостандығы, олай болса отбасыларға адамзаттық құқықтарымен бас бостандықтарын қорғауы туралы үйрету,зорлық –зомбылық адам ағзасына тікелей әсер ететінін түсіндіру және жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап, ондай әрекеттерге бармауға тәрбиелеу, адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау туралы  , Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі – бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу туралы айтылды.

Байсерке а/о  аналар  кеңесі

Басқа жаңалықтар

Back to top button