Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыҚоғамМәдениетТалгар информацияТалғар - ақпаратТұлға

«АБАЙ КҮНІ» КЕҢІНЕН АТАЛЫП ӨТТІ

10 тамыз – қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының туған күні. Бұл күн 2020 жылдан бастап Қазақстанда мереке ретінде аталып өтілуде.

Қазақтың ұлы тұлғасы Абай Құнанбайұлы  – ғұлама ғалым, ойшыл, ақын, ағартушы ұстаз ретінде ұлтымыздың тұғыры биік мақтанышы. Абайдың жүрегінен шыққан әрбір туынды  – халқымыздың баға жетпес мұрасы мен рухани азығы. Жас ұрпақ үшін Абайдың өсиеттері мен өлеңі асыл қазына. Абай мұрасы – біздің ұлт болып бірігуімізге, ел болып дамуымызға жол ашатын қастерлі құндылық.

Абай сөзі – қазақтың бойтұмары, Абай мұрасы – қазақтың қасиетті қазынасы. Оның ілімі халықтың рухани жаңғыруымен тығыз байланысты, ал даналығы қазіргі заманмен үндес. Абайдың өмірге деген көзқарасын танып, рухани мұрасының парқын түсіну арқылы рухани жаңғырудың маңызын түсінесіз. Қазіргідей даму бағдарымызды болжап, жаһандану кезеңіне аяқ басқан шақта Абай салған сара жолмен жүру аса маңызды. Нағыз жаңғыру – Абай. Абайсыз рухани жаңғыру мүмкін емес. Ендеше, Абайдың рухани мұрасын танып, оның көрсеткен бағыт-бағдарымен жүрсек жаңылмаймыз.

Осыған байланысты Абай күніне орай Кеңдала әкімшілік ғимаратында орналасқан Кеңдала ауылдық кітапханасында 9 тамызда Кеңдала ауылдық округінің жастарымен осы уақытқа оқыған шығармаларды ғана емес, көрген-білгендерін ойға түйіп, еске түсіретін «Абайды оқы, таңырқа…» атты тағылымды кеші өтті. Кешке Қоғамдық келісім КММ жетекшісі Бутабаева Жүмақыз Әшімбекқызы, ауған соғысының ардагерлері, көп балалы аналар, ауыл ақсақалдары, оқырмандар қатысты. Іс-шарада тақырыптық көрме ұйымдастырылып, Ризван Төлегенқызы таныстырып өтті.

Сонымен бірге, Төңкеріс ауылдық кітапханасында «Абай даналығы – халық мұрасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқырмандарға  ұлы ақын, кемеңгер ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының өмірі, шығармашылығы туралы мәлімет бере отырып, жазбаша әдебиеттің негізін қалаушы данышпан  ақынның  жас буынды оқуға, өнерге шақырғанын айтып, Абай аталарының 10 қара сөзін талқыға салды. Көрмеге қойылған кітаптар оқырмандарға таныстырылып, оқуға ұсынылды.

Ал, 10 тамызда Талғар аудандық кітапханасында «Абай күніне» орай қазақтың біртуар ұлдарының бірі, данышпан ақын, ойшыл, дана ғұламаларының бірі, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған «Ұлы халықтың  – ұлы Абайы» атты іс-шара өтті.  Шарада өзара Абайдың өлеңдерін оқып, тәрбиелік мәні жайлы сөз қозғалды. Абай күнін атап өту білім алушыларды мектеп қабырғасынан бастап ұлтжандылыққа тәрбиелеп, ұлттық сана-сезімді бойларына сіңіру, қазақ халқының төл мәдениеті мен рухани мұрасын құндылық ретінде сақтап, бәсекеге қабілетті зияткер тұлғаны қалыптастыруға бағытталған.

Осы орайда Талғар аудандық кітапханасының оқу залында Абай күніне орай «Абай мұрасы – халық қазынасы» тағылымды кеші өткізілді. Тұрсынжан Перизат Абай Құнанбайұлының «Көзімнің қарасы», Ахмет Жұбановтың «Көктем»  шығармасын орындаса, Есентай Әсет Нұрғиса Тілендиевт34 «Әлқиса»  күйін орындап, оқырман қауымның ықыласына бөленді. Камнұр Тәлімұлы «Әже» әнін орындап,  әже тәрбиесін алған Абай туралы сыр шертті. Талғар қалалық балалар музыка мектебінің кітапханашысы Әкпар Жаңанұр, ұстаз Қажықанова Жанар Қайратқызы шәкірттерімен қатысып өз ойларын ортаға салып, өнерлерімен бөлісіп, естелікке суретке түсті.

Және де Кеңдала ауылдық округі әкімшілік ғимаратында орналасқан Кеңдала ауылдық кітапханасында «Ұл тәрбиесі – ұлт болашағы» атты іс-шара өтті. Шараға Қоғамдық келісім мекемесінің жетекшісі Бутабаева Жүмақыз Әшімбекқызы, Ауған соғысының ардагерлері, көпбалалы аналар, ауыл ақсақалдары қатысты. 

Бала бойындағы жақсылы-жаманды қасиеттерін байқаса, қазақ оны ең бірінші әке мен ата тәрбиесінен көреді, «тегіне тартқан» дейді. «Әкесі сондай адам еді, атасы жақсы адам, көргенді бала» деп, ер адам тәрбиесін ауызға алады. Өйткені, әкесінің баласына қалдырған ең үлкен мұрасы – оның жақсы тәрбиесі. «Бір әкенің тәрбиесін  – жүз мектеп те бере алмас», — деп дана халқымыз бекер айтпаса керек. Сол себепті де ұл тәрбиесін халқымыздың ежелгі озық дәстүрлері негізінде жүргізе отырып, оны бүгінгі заманның жетістіктерімен ұштастыра білу маңызды. Осы талапқа сай кітапханамызда ұйымдастырылған «Ұл тәрбиесі – ұлт болашағы» атты кітап көрмесін Токарзаева Ризвангул Толегенқызы библиографиялық шолу жасап, «Бала тәрбиесі» атты видеороликті оқырман назарына ұсынды.

Сонымен бірге Кеңдала ауылдық ақсақалдар  кеңесінің төрағасы Көлбаев Бексұлтан Қайырғалиұлы баяндама жасады. Ауған соғысының ардагерлері Мамытбаев Тоқтағұл Нүсіпәліұлы, Қырғызбаев Болат Абикенүлы ұл тәрбиесі туралы жастарға толық мәлімет берді. Жұмағыз Әшімбекқызы қортындылап көпшілік оқырманмен естелікке суретке түсті.

Акан АКЫЛОВ

Басқа жаңалықтар

Back to top button