#Qazaqstan30Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыБасты ақпаратЕскелді айнасыҚоғам

«AMANAT» партиясы Ескелді аудандық филиалының VІI  конференциясы өтті

Жуырда «AMANAT» партиясы Ескелді аудандық филиалының кезекті VІI конференциясы өтті.

Ескелді аудандық филиалының конференциясына филиал төрағасы А.Баяхан төрағалық етті.

Конференцияға бастауыш партия  ұйымдарының төрағалары, аудандық мәслихат депутаттары, Саяси кеңес және Бюро мүшелері қатысты.

Конференция делегаттары бірауыздан дауыс беріп, «AMANAT» партиясы Ескелді аудандық филиалының VІI есеп беру конференциясы ашық деп жарияланды.

Конференцияда Ескелді  аудандық партия филиалы Саяси кеңесінің 2021-2022 жылдары атқарылған жұмыстар есебі тыңдалды.

Сондай-ақ «AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалының V конференциясына Ескелді ауданынаң баратын делегаттар тізімі анықталып, Конференцияда партияның беделді кеңестерінің бірі саяси кеңес құрамына өзгеріс енгізіліп, тізімдері жаңартылды.

М. МАКСЫМ

Басқа жаңалықтар

Back to top button