Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыДенсаулықҚоғамМерекелерСпорт

КІЛ МЫҚТЫЛАР КҮШ СЫНАСТЫ

Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Біздің ата-бабаларымыз «Тәні саудың – жаны сау» — деп бекер айтпаған. Осы орайда тамыз айының он сегізінші жұлдызында Өтеген батыр ауылында Қазақстан Республикасының «Спорт күні» мерекесіне орай аудан тұрғындары арасында мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, аудан жастары арасында қол күрес, кермеге тартылу, кір тасын көтеру, стритбол, шағын футбол, дзюдо, жеңіл атлетикалық жүгірістен жарыс өтті. Елімізде бұқаралық спорт түрлерін дамыту арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру қағидаларын насихаттау, аудан тұрғындарын бұқаралық спорт түрлерімен шұғылдануға ынталандыру арқылы патриоттық сезімдерін ояту, халық арасында достық пен өзара татулық қатынастарды нығайту – өтілген жарыстың негізгі мақсаты ретінде айқындалды.

Салтанатты шара барысында еліміздің атын аудан, облыс, Республика көлемінде, тіпті әлем деңгейінде насихаттап жүрген бірқатар мақтаныштарымызды «Іле ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт» бөлімінің басшысы Рақымжанов Бақытжан Көкенұлы, Іле ауданының құрметті азаматы, Энергетический ауылдық округінің «AMANAT» париясының төрағасы, Ауған соғысының жеке қайырымдылық қорының жетекшісі – Түймелиев Нұрлан Лесұлы, «Сағадат батыр» спорт клубының жетекшісі, облыстық маслихат депутаты – Орынбасаров Нұрсұлтан Жұмабайұлы құттықтау тілектерін айтып, құрмет грамотасымен, алғыс хаттарымен марапаттады.

Іс-шара барысында Іле ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Рауанов Қапар: «Бүгінгі еліміздің түкпір-түкпірінде аталып өтіп жатқан «Спорт күні» біздің спортсүйер қауым үшін ең маңызды күн. Жалпы біздің ауданымыз бұқаралық спортты насихаттау бойынша облыс көлемінде көш ілгері. Қазіргі таңда 14 спорт түрі қамтылған спорт мектебінде 1481 бала тіркелген, 99864 адам бұқаралық спортпен тұрақты түрде айналысады. Спорт күні жасасын! Спорт әлемді бейбітшілікке апарады» — деді.

Карима ДАУТҚАН

Басқа жаңалықтар

Back to top button