Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыҚоғамСпортТалгар информацияТалғар - ақпарат

ТАЛҒАРДА БОКСТАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ӨТУДЕ

Бокс. Осы бір төрт қана әріптен тұратын ағылшын сөзі миллиондаған спорт жанкүйерлеріне жақсы таныс. Жер бетінде бокс десе ішкен асын жерге қоятын, шаршы алаңдағы шиеленіскен жекпе-жекті көрмей, дегбірі басылмайтын жандар аз емес. Адам әрқашан мықтылықты құрметтеген ғой, мықты, атпал азаматтарды пір тұтқан, солардың өршіл өнеріне табынған. Қазіргі таңда Республикада балалар мен жасөспірімдер арасында боксты дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Олар үлкен спорттың, ақ шаршы алаңның ізбасарлары екені сөзсіз. Болашақ солардікі.

22 тамызда Талғар қаласындағы «Алмалы» спорт кешенінде Алматы облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы және Талғар ауданы әкімдігінің қолдауымен бокстан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Тұрсынғали Еділов ағамыздың жүлдесіне жасөспірімдер арасындағы бокстан Республикалық түрнир өз жалауын көтерді.

Жарыстың ашылу салтанатына Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқарма басшысының қызметін атқарушы Сарабеков Ерболат Сарабекұлы, облыстық спортты дамыту дирекция басшысы Дархан Аширов, облыстық бұқаралық спорттық іс шараларды өткізу орталығының басшысы Ержан Мұратұлы, Сидней Олимпиадасының жеңімпазы Ермахан Ибраймов, ҚР күрес федерациясыны4 вице-президенті Жабасов Дәурен Еркінұлы, Талғар ауданының әкімі Айдарбеков Танат Есенкелдіұлы және көптеген зиялы қауым қатысты.

Тұрсынғали Нұржақыпұлы Еділов – жаттықтырушы, Қазақстан құрама командасының Бас бапкері, Алматы облысы құрама командасының Бас бапкері, Алматы облысы әуесқой бокс федерациясының вице-президенті, бокстан спорт шебері (1984), Республиканың үш дүркін чемпионы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы (1996), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1996). Ол 2000 жылы Сидней Олимпиадасына 7 боксшы апарып, оның 4-уін финалға жеткізді. Сол кезеңде Бекзат Саттарханов пен Ермахан Ыбрайымов алтынға қол жеткізсе, Болат Жұмаділов пен Мұхтархан Ділдәбеков күмісті қанағат тұтты.

«Әрине, ол тарихи сәт еді. Бұл ерлікті қайталайтын толқын да келер. Әр Олимпиададан боксшыларымыз алтын арқалап қайтады. Әйтеуір, нәтижесіз емеспіз ғой. Мені ойлантатын бір нәрсе бар. Біз жағдайдың жоқ кезінде осындай нәтиже көрсеттік. Ал қазіргі хал-ахуалымыз өте жақсы. Сондықтан, алтынды көбейтіп, екі-үш дүркін Олимпиада чемпиондарын тәрбиелеуіміз керек еді. Сиднейден кейінгі көрсеткіштің жоғары өрлемей, төменге сырғығаны алаңдатады. Шынымды айтсам, сол кезде үлкен іс тындырғанымызды енді сезініп жүрмін. Бұрын аса мән бермеппін. Бір таныс бапкердің: «Олимпиадада секундант болсам, арманым жоқ» дегені бар еді. Сол арманның қаншалықты тәтті екеніне көзім енді жетті. Финалда төрт қазақ айқасып, оның екеуі алтын алды. Кейін ойласам, Сидней шаршы алаңына шыққан жеті боксшының жетеуі де үшінші кезеңнен сүрінбей өтіпті. Жігіттер жараған екен ғой. Қысқаша айтсам, сол шақтарды мен де бағаламаппын, бізді де бағаламадық 5ой», — деген бір сөзінде Тұрсынғали аға.

Республикалық түрнир үш күнге жалғасын тауып өзара кім мықтыны анықтамақ.

 Акан Акылов

Басқа жаңалықтар

Back to top button