Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыҚоғамТалгар информацияТалғар - ақпарат

ТҰЗДЫБАСТАУДАҒЫ ЖҰМЫСТАР БАҚЫЛАУДА

Апта ортасында аудан басшысы Танат Айдарбеков жұмыс барысымен Тұздыбастау ауылына барды. Сапар барысында Танат Есенкелдіұлы осы жылы жөнделіп жатқан нысандарға барып, жұмыс барысын бақылап қайтты.

Атап айтсақ, Амангелді көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Осы жылға 2 километр жолға 72 миллион теңге қаражат қарастырылған. Сонымен қатар, Орынбаев, Альтаир және Балуан Шолақ көшелеріне маршруттық тәсілмен ағымды жөндеу жұмыстары аяқталды. Жалпы ұзындығы — 2 км жолға 58 млн. теңге бөлінді.

Сондай-ақ, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасымен  Майлина, Тәуелсіздік көшелерінің орташа жөндеу жұмыстарына 149 млн теңге қаражат қарастырылды. Ашық электронды конкурс нәтижесі бойынша «Жетысу Жол Құрылыс» ЖШС мердігер мекемесі анықталды. Бүгінгі таңда арыз-шағым бойынша қарастырылуда. Конкурстық іс-шаралар толық аяқталғаннан кейін келісім шарт жасалынып жұмыстар басталатын болады.

Әуезов, Базарбай, Бәйдібек баба көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге жобалық сметалық құжаттар дайындалды. Қажет ететін қаражат — 139 млн теңге.

Розабакиев, Тегенбай, Елибаева, Макатова, Баржыкбаева, Ұлан 1,2, Жақып, Райымбек, Қазыбек би, Қорқыт ата, Шығыс ы.а., Ш. Айманов мкр. Жеруйық, әль-Фараби, Бокина, Нарумова Шығыс ы.а., М. Өтеміұлы, Нурмағамбетова, Алпамыс батыр, Дәулет көшелеріне маршруттық тасілмен ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізуге сметалық құжаттар даярлануда. Аяқталғаннан кейін Алматы облысы жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасына бюджеттік өтінім беріледі.

Онымен қоса аудан басшысының қолдауымен Тұздыбастау ауылының 127 шақырым су жүйесін қайта жаңғырту және салу жұмыстарына жоба әзірлеуге 81,6 млн.тг. қаражат бөлінді. Жобалаушы-«РедлайнПро» ЖШС-і. Жұмыстардың аяқталу мерзімі 2023 жылдың желтоқсан айы.

Бүгінгі таңда Тұздыбастау ауылдық округінің көше жарық шамдарына техникалық қызмет көрсетуге — 1 млн 960 мың  теңге  бөлініп, мердігер компания   «Есик Технология Сервис» ЖШС-і жұмысын толығымен аяқтады.

Арық жүйелерін санитарлы тазалауға – 2 млн 250 мың тенге бөлініп, мердігер компания ЖК «Karasay Prof Servise» ұтып, жұмыстарын жүргізуде. Баннерлерді дайындау  бойынша жұмыстар – 1 млн. 500 мың теңге,  мердігер компания  «АҚНИЕТ ҮМІТІ» мүгедектер қоғамдық бірлестігі жұмыстар жүргізеді. Көше жарықтандыру жүйелерін күтіп ұстауға — 2 млн. 658 мың теңге және ағаштарды санитарлы кесу жұмыстарына – 2 млн. 378 мың  тенге бөлініп, мердігер компания ЖК «QAZYNA»  жұмыстарын атқаратын болады. Тұздыбастау ауылдық округінің көшелері мен тротуарларын жинауға — 2 млн. 500 мың теңге, «Ел-Мұраты» мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі мемлекеттік  сатып алу  арқылы жұмыстарын жүргізуде деп ауыл әкімі Шыңғыс Толымбеков аудан басшысы алдында есеп берді.

Акан АКЫЛОВ

Басқа жаңалықтар

Back to top button