Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыБасты ақпаратЕскелді айнасыҚоғамМәдениет

КІТАП КӨРМЕСІ

«Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында «Кітап деген – ақыл, ойың, ілімің» кітап көрмесі өтті.

Жуырда  Сырымбет ауылдық округінің кітапханасында оқырмандардың кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Кітап деген – ақыл, ойың, ілімің» тақырыбында жаңа әдебиеттердің кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Мақсаты – оқырмандардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру, кітап оқу арқылы мәдениеттілікке тәрбилеу, кітапхана мен оқырмандар арасындағы байланысты нығайту.

Көрмеге қойылған белгілі қаламгер, ақындардың кітаптарын көркем әдебиетке қатысты ой-толғамдары, эссе-мақалалары мен сұхбат-әңгімелері топтастырылған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button