Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыБасты ақпаратТалгар информацияТалғар - ақпарат

Талғар қаласының көшелерінің атауы өзгерді

Ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық таным-түсінік, салт-дәстүр сол халықтың мәдениетін жасайды, ол қоғамның өзгеруіне байланысты дамиды әрі жаңа тұрпатқа ие болып отырады. Тәуелсіздік алған отыз жылдың ішінде қазақ халқының рухани  байлығы толығып, халқымызға мирас болған мол мұрамыз толысып, жетіліп келеді. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев  «Тəуелсіздік бəрінен қымбат» мақаласында: «Бабалардан мұра болған қасиетті жеріміз – ең басты байлығымыз. Қазаққа осынау ұлан-ғайыр аумақты сырттан ешкім сыйға тартқан жоқ. Бүгінгі тарихымыз 1991 жылмен немесе 1936 жылмен өлшенбейді. Халқымыз Қазақ хандығы кезінде де, одан арғы Алтын Орда, Түрік қағанаты, Ғұн,  Сақ дəуірінде де осы жерде өмір сүрген, өсіп-өнген. Қысқаша айтқанда, ұлттық тарихымыздың терең тамырлары көне заманның өзегінде жатыр» — деген болатын.

Тәуелсіздік жылдары ономастика үлкен өзгеріске ұшырады. Елдігіміздің 30 жылында 90-ға жуық қала, үш мыңға тарта елдімекен, 24 000 көше, 150 теміржол стансаның атауы өзгерді. Қазіргі таңда қала көшелеріндегі кеңестік атаулар түгелдей қазақшалануда. Көптеген орыс тұлғаларының есімдері қазақ ақын-жазушылары және қоғам қайраткерлерінің аттарымен алмастырылып келеді. Қазақ елі Тәуелсіздігін жариялаған отыз жылдың ішінде көптеген мәселелер шешіліп, қазақы атаулар қалпына келе бастады. «Қазақы  төлқұжатын» алғандардың қатарында көше атаулары бар.

Мұның бәрі облыстық және қалалық ономастикалық комиссиялар жұмысының жемісі.Тәртіп бойынша жергілікті ономастикалық комиссия халықтан түскен ұсыныстарды қарастырып, көпшілік талқылауына шығарады. Көңілден шыққан жағдайда оны республикалық комиссияға жолдайды. Мұның барлығына жаңа талап бойынша алты ай уақыт бөлінеді.

Ал жаңа атаулардың қай-қайсысы да құлаққа жағымды, тілге орамды. Қойылған жер-су аттары тәуелсіздігімізді паш етеді. Тарихи, рухани құндылықтарымызды насихаттайды.

Қаланың келбеті – сәулетімен, сән-салтанатымен ғана өлшенбейді. Ұлттық сипат беретін көше аттарының да маңызы бар. Қазақтың жер-судың аты – халықтың хаты деуі тегін емес. Халқымыз елдігіміздің белгісі ретінде саналатын жер-су атауларына байыппен қараған. Табиғи ерекшеліктері мен өлке өзгешелігін ескеріп, тау-тас, сай-сала, өзен-көлге лайықты атаулар берген. Осы тұрғыда 2023 жылы Талғар қаласының бірталай көшелерінің атауы өзгерді.

Атап айтсақ, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес, Талғар қаласы халқының пікірін ескере отырып және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Талғар аудандық мәслихатының шешімі және Талғар ауданының әкімдігінің қаулысы негізінде:

«Орджоникидзе» көшесі – «Бейбарыс сұлтан» көшесіне, «Пугачев» көшесі – «Қайрат Рысқұлбеков» көшесіне, «Декабристов» көшесі – «Жүсіп Баласағұн» көшесіне, «Егоров» көшесі – «Қожа Ахмет Яссауи» көшесіне, «Красин» көшесі – «Ахмет Жұбанов» көшесіне, «Комаров» көшесі – «Фариза Оңғарсынова» көшесіне, «Кузнецова» көшесі – «Қазтуған Жырау» көшесіне, «Лахути» көшесі – «Жәнібек хан» көшесіне, «Папанин» көшесі – «Мұхаммед Хайдар Дулати» көшесіне, «Пархоменко» көшесі – «Хақназар хан» көшесіне, «Первунин» көшесі – «Ақтамберді жырау» көшесіне, «Пирогов» көшесі – «Әбілқайыр хан» көшесіне, «Попович» көшесі – «Дулат Бабатайұлы» көшесіне, «Стрельников» көшесі – «Сырым батыр» көшесіне, «Скворцов» көшесі – «Жақып Ақбаев» көшесіне, «Столетов» көшесі – «Дәулеткерей» көшесіне, «Светлов» көшесі – «Жаяу Мұса» көшесіне, «Щусев» көшесі – «Мәшһүр Жүсіп» көшесіне, «Черняховская» көшесі – «Дәнеш Рақышев» көшесіне, «Шевцов» көшесі – «Александр Затаевич» көшесіне, «Р.Люксембург» көшесі – «Громовой» көшесі – «Нәзір Төреқұлов» көшесіне, «Невский» көшесі – «Сағадат Нұрмағамбетов» көшесіне, «Васнецов» көшесі – «Жанқожа батыр» көшесіне, «Азизбекова» көшесі – «Өзбекәлі Жәнібеков» көшесіне, «Челюскин» көшесі – «Ермұхан Бекмаханұлы» көшесіне, «Суриков» көшесі – «Жұмабек Тәшенов» көшесіне, «Нариманов» көшесі – «Халифа Алтай» көшесіне, «Алатауская» көшесі – «Мағжан Жұмабаев» көшесіне, «Алтайская» көшесі – «Тұманбай Молдағалиев» көшесіне, «Кошевого» көшесі – «Бердібек Соқпақбаев» көшесіне, «Шишкин» көшесі – «Естай ақын» көшесіне, «Бестужев» көшесі – «Қасым Қайсенов» көшесіне, «Брянского» бұрылысы – «Әлімхан Ермеков» бұрылысына, «Ашхабатский» бұрылысы – «Мұрын жарау» бұрылысына, «Спутник» бұрылысы – «Кейкі батыр» бұрылысына, «Курганный» бұрылысы – «Қадырғали Жалайыри» бұрылысына, «Армянский» бұрылысы – «Майқы би» бұрылысына, «Киргизский» бұрылысы – «Жалаңтөс батыр» бұрылысына, «Донской» бұрылысы – «Қорқыт ата» бұрылысына, «Бахинский» бұрылысы – «Жұмат Шанин» бұрылысына, «Пионерский» бұрылысы – «Асқар Сүлейменов» бұрылысына, «Горный» бұрылысы – «Халел Досмұхамедұлы» бұрылысына, «Цветочный» бұрылысы – «Кетбұға» бұрылысына, «Дружбы» бұрылысы – «Ағыбай батыр» бұрылысына, «Бауман» көшесі – «Ақтерек» көшесіне, «Валиханов» көшесі – «Ш.Уалиханов» көшесіне, «Вавилова» көшесі – «Ақсай» көшесіне, «Гайдара» көшесі – «Ақкент» көшесіне, «Гастелло» көшесі – «Шағырақ» көшесіне, «Державин» көшесі – «Жерұйық» көшесіне, «Джалиля» көшесі – «Мұса Жалел» көшесіне, «Жуковского» көшесі – «Аягөз» көшесіне, «Заслонов» көшесі – «Көктем» көшесіне, «Илийская» көшесі – «Іле» көшесіне, «Иссыкская» көшесі – «Есік» көшесіне, «Клочкова» көшесі – «Сабыр Рахимов» көшесіне, «Курчатов» көшесі – «Темірбек Жүргенов» көшесіне, «Кутузов» көшесі – «Ермек Серкебаев» көшесіне, «Леонов» көшесі – «Нұрлы Жол» көшесіне, «Лобачев» көшесі – «Лашын» көшесіне, «Луговая» көшесі – «Махамбет Өтемісұлы» көшесіне, «М.Залки» көшесі – «Григорий Потанин» көшесіне, «Маршака» көшесі – «Торғай» көшесіне, «Матросов» көшесі – «Қадыр Мырза Әли» көшесіне, «Нахимов» көшесі – «Орбұлақ» көшесіне, «Павлов» көшесі – «Наурызбай батыр» көшесіне, «Пастера» көшесі – «Мұхамеджан Сералин» көшесіне, «Покрышкин» көшесі – «Тұмар» көшесіне, «Полбин» көшесі – «Есет батыр» көшесіне, «Пржевальский» көшесі – «Талас» көшесіне, «С.Ковалевская» көшесі – «Көксу» көшесіне, «С.Перовская» көшесі – «Хантау» көшесіне, «Тимирязев» көшесі – «Сәбит Мұқанов» көшесіне, «Циолковского» көшесі – «Амангелді Иманов» көшесіне, «Чкалова» көшесі – «Шалқар» көшесіне, «Солнечный» қиылысы – «Отау» қиылысына, «Т.Рысқұлов» қиылысы – «Наурызым» қиылысына, «Левитан» көшесі – «Какимбек Астаев» көшесіне, «Суворов» көшесі – «Жүніс Тазабеков» көшесіне, «Авангардная» көшесі – «Байқоңыр» көшесіне, «Арычная» көшесі – «Ертіс» көшесіне, «Белорусская» көшесі – «Тұран» көшесіне, «Ботаническая» көшесі – «Алматы» көшесіне, «Бульварная» көшесі – «Алатау» көшесіне, «Виноградов» көшесі – «Алтын Орда» көшесіне, «Восточная» көшесі – «Алтай» көшесіне, «Заречная» көшесі – «Жайық» көшесіне, «Капчагайская» көшесі – «Қапшағай» көшесіне, «Киевская» көшесі – «Түркістан» көшесіне, «Клеверная» көшесі – «Медеу» көшесіне, «Колхозная» көшесі – «Шарын» көшесіне, «Крымская» көшесі – «Отырар» көшесіне, «Ленинградская» көшесі – «Семей» көшесіне, «Медицинская» көшесі – «Оқжетпес» көшесіне, «Минская» көшесі – «Сарыарқа» көшесіне, «Мичурин» көшесі – «Астана» көшесіне, «Новостройка» көшесі – «Жидебай батыр» көшесіне, «Одесская» көшесі – «Тобыл» көшесіне, «Озерная» көшесі – «Алакөл» көшесіне, «Правда» көшесі – «Жетісу» көшесіне, «Промышленная» көшесі – «Алаш» көшесіне, «Овчаров» көшесі – «Бурабай» көшесіне, «Пятигорск» көшесі – «Шыңғыстау» көшесіне, «Рабочая» көшесі – «Тарбағатай» көшесіне, «Рылеева» көшесі – «Баянауыл» көшесіне, «Рижская» көшесі – «Арыс» көшесіне, «Физкультурная» көшесі – «Сығанақ» көшесіне, «Сенная» көшесі – «Қарқара» көшесіне, «Станционная» көшесі – «Ордабасы» көшесіне, «Трудовая» көшесі – «Қаратау» көшесіне, «Украинская» көшесі – «Қазығұрт» көшесіне, «Яблочкова» көшесі – «Бұқтырма» көшесіне, «Новая» көшесі – «Сарайшық» көшесіне, «Балхашская» көшесі – «Балқаш» көшесіне, «Береговая» көшесі – «Талхиз» көшесіне, «Севостопольская» көшесі – «Зайсан» көшесіне өзгертілді.

Сонымен қатар, Талғар қаласының солтүстігінде орналасқан, атаулары жоқ көшелерге – «Қойгелді батыр» көшесі, «Бұғра хан» көшесі, «Мұқали батыр» көшесі, «Жошы хан» көшесі, «Берке хан» көшесі, «Тоқтамыс хан» көшесі, «Орақты батыр» көшесі, «Қапал батыр» көшесі, «Жолбарыс би» көшесі, «Кәмшат Дөненбаева» көшесі, «Балпық би» көшесі, «Өтеген батыр» көшесі, «Сәмен батыр» көшесі, «Олжабай батыр» көшесі, «Байзақ батыр» көшесі, «Жәңгір хан» көшесі, «Сұраншы батыр» көшесі, «Шернияз Жарылғасұлы» көшесі, «Шортанбай ақын» көшесі, «Мұрат Мөңкеұлы» көшесі, «Мұстафа Өзтүрік» көшесі, «Зылиха Тамшыбаева» көшесі, «Малайсары батыр» көшесі, «Жамал Қарши» көшесі, «Шақшақ Жәнібек батыр» көшесі, «Тәуекел хан» көшесі, «Бекет ата» көшесі, «Алаша хан» көшесі, «Қанай би» көшесі, «Өмірбек Байділдаев» көшесі, «Шоқыр Бөлтеков» көшесі, «Анырақай» көшесі, «Едіге» көшесі, «Айдархан Тұрлыбаев» көшесі, «Салық Зиманов» көшесі, «Ұлытау» көшесі, «Ақмешіт» көшесі, «Үкілі Ыбырай» көшесі, «Нарғозы Данаев» көшесі, «Сырбай Мәуленов» көшесі, «Шолпан Жандарбекова» көшесі, «Ишанбай Қарақұлов» көшесі, «Мұзафар Әлімбаев» көшесі, «Телжан Шонанұлы» көшесі, «Кемел Ақышев» көшесі, «Александр Сызғанов» көшесі, «Қали Жантілеуов» көшесі, «Қалихан Ысқақов» көшесі, «Қапан Бадыров» көшесі, «Нұртас Оңдасынов» көшесі, «Шона Смақанұлы» көшесі, «Құрманбек Жандарбеков» көшесі, «Әбу Сарсенбаев» көшесі, «Нұрмолда Алдабергенов» көшесі, «Ғали Орманов» көшесі, «Орынбек Жәутіков» көшесі, «Әбілахат Есбаев» көшесі, «Әзірбайжан Мәмбетов» көшесі, «Мүлқаман Қалауов» көшесі, «Сәкен Жүнісов» көшесі, «Жұмағали Саин» көшесі, «Мәлік Ғабдуллин» көшесі, «Мұхамеджан Қаратаев» көшесі, «Жолан Омаров» көшесі атаулары берілді.

Талғар қаласының солтүстік шығысында орналасқан, атаулары жоқ көшелерге – «Ұлықбек» көшесі, «Шора батыр» көшесі, «Әсет Найманбайұлы» көшесі, «Барақ Сұлтан батыр» көшесі, «Құрбанғали Халид» көшесі, «Сегіз сері» көшесі, «Бақтыгерей Құлманов» көшесі, «Арыстан баб» көшесі, «Бәйкен Әшімов» көшесі, «Сәлімгерей Жантөрин» көшесі, «Дүкенбай Досжан» көшесі, «Шығанақ Берсиев» көшесі, «Сейтқали Мендешев» көшесі, «Әзілхан Нұршайықов» көшесі, «Хамит Ерғалиев» көшесі, «Тұрмағамбет Ізтілеуұлы» көшесі, «Ақселеу Сейдімбек» көшесі, «Сәдуақас Ғылмани» көшесі, «Қалибек Қуанышбаев» көшесі, «Сұлтанахмет Қожықов» көшесі, «Жазылбек Қуанышбаев» көшесі, «Серәлі Қожамқұлов» көшесі, «Шаймерден Қосшығұлұлы» көшесі, «Әбілсейіт Айқанов» көшесі, «Елубай Өмірзақов» көшесі, «Смағұл Сәдуақасұлы» көшесі, «Жұмбақтас» көшесі, «Қосқұдық» көшесі, «Үшарал» көшесі атаулары берілді.

Талғар қаласының солтүстік батысында орналасқан, атаулары жоқ көшелерге – «Баян батыр» көшесі, «Сұлтан Баймағамбетов» көшесі атауы берілді.

Талғар қаласының оңтүстігінде орналасқан атаулары жоқ көшелерге – «Томирис» көшесі, «Бәйдібек би» көшесі, «Ұрыс хан» көшесі, «Мөде қаған» көшесі, «Еділ қаған» көшесі, «Бумын қаған» көшесі, «Тоныкөк» көшесі, «Күлтегін» көшесі, «Тұяқберді Шәмелов» көшесі, «Сыпыра жырау» көшесі, «Домалақ ана» көшесі, «Әлішер Науаи» көшесі, «Жиембет жырау» көшесі, «Ағынтай батыр» көшесі, «Әлмерек абыз» көшесі, «Әнет баба Кішікұлы» көшесі, «Қожаберген жырау» көшесі, «Мұрат Айтхожин» көшесі, «Қосы батыр» көшесі, «Мөңке би» көшесі, «Тәтіқара жырау» көшесі, «Жасыбай батыр» көшесі, «Нияз би» көшесі, «Қабылиса жырау» көшесі, «Шал ақын» көшесі, «Бөлтірік шешен» көшесі, «Исатай батыр» көшесі, «Құнанбай» көшесі, «Мұса Шорманов» көшесі, «Майлықожа ақын» көшесі, «Мұхит Мерәліұлы» көшесі, «Бақтыбай ақын» көшесі, «Құман Тастанбеков» көшесі, «Шамғон Қажығалиев» көшесі, «Роза Жаманова» көшесі, «Спандияр Көбеев» көшесі, «Сүгір Әліұлы» көшесі, «Кенен Әзірбаев» көшесі, «Ыбырай Жақаев» көшесі, «Нығмет Нұрмақов» көшесі, «Шәкен Ниязбеков» көшесі, «Үшқоңыр» көшесі, «Темірбек Жүргенов» көшесі, «Жүсіпбек Елебеков» көшесі, «Карл Байпақов» көшесі, «Асқар Тоқпанов» көшесі, «Баубек Бұлқышев» көшесі, «Алтынемел» көшесі атаулары берілді.

Акан АКЫЛОВ

Басқа жаңалықтар

Back to top button