Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыБасты ақпаратЕскелді айнасыҚоғам

БАСТЫ МІНДЕТТЕР ТАРАЗЫЛАНДЫ

Жуырда Ескелді ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі мамандары ауданның жаттықтырушыларына, спорт әдіскерлеріне көрсетілетін мемлекеттік қызметтің тәртібі мен алу жолдарын түсіндіру мақсатында кездесу өткізді.

Аталған шара аудандық дене шынықтыру – сауықтыру кешенінде өткізілді. Шара барысында жаттықтырушылар мен спорт әдіскерлеріне өздеріне қажетті мемлекеттік қызметтерді стандарттарға сәйкес көрсетілу тәртібі мен мемлекеттік қызметтің мерзімдері туралы мәліметтер берілді.

Дала  академигі

Көзі тірісінде «Дала академигі» атанып, елінің абырой, атағын аспанға көтерген алып тұлға Нұрмолда Алдабергеновтің халқына көрсеткен қызметі қыруар. Қамшының сабындай ғана қысқа ғұмырында омырауына қос «Алтын Жұлдыз» тақты, қазақтың белгілі ақын- жазушыларымен, қоғам қайраткерлерімен үзеңгілес дос-жаран болды. Өмірі де өте күрделі. Алды-артынан сүйейтін тіреуі болмаса да ауыл баласы атқа қонып, елдің игілігіне айналған сан шаруаның басын қайырды. Жалпы, болашақ ұрпақ үшін есте қалуға лайықты жан. Ол туралы осы күнге дейін талай-талай кітап, мақала, еске алулар жазылды. Ал бүгінгі күн тұрғысанан жұрт біле жүруге тиісті, жастар үлгі-өнеге алуға керекті бірнеше түйінге арнайы тоқталғанды жөн көрдік.

М.МАКСЫМ

Басқа жаңалықтар

Back to top button