Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыБасты ақпаратҚоғамМәдениетМерекелер

КІТАП ӘЛЕМІНІҢ СИҚЫРЛЫ ТҮНІ

Қыркүйек айының 15-жұлдызында Іле аудандық кітапханасында  «KitapTime — 2023» ІІ жалпыреспубликалық кітап Фестивалі аясында құпия сырға толы «Кітапхана түні» өткізілді.

Кітапхана түнінің мақсаты – кітап оқуды кеңінен насихаттау, қоғамның интеллектуалды әлеуеті мен мәдени құндылықтарын арттыру, интеллектуалды жастарды ынталандыру, көркем әдебиетке құштарлығын ояту, мәдени құндылықтарымызды халыққа жеткізу.

Кітап – адамзат баласының баға жетпес асыл құндылығы. Ғылымның қайнар бұлағы, білім мен мәдениеттің биік белестеріне жетелейтін тәрбиелік құрал. Әлішер Науаи «Кітап – ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына» десе, Денри Дидроның «Адамдар кітап оқуын қойса, ойлауын да қояды» деген сөзі бар. Толстой  өз кезегінде «Жақсы кітап оқу – ақылды адаммен сырласқанмен бірдей» деп пікір білдірсе, Абай атамыз «Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге» деп шегелейді. Әрине, мұндай керемет теңеулерді келтіре беруге болар, бірақ соңғы уақыттары адамдар осындай жан азығынан, рухани байлықтан қол үзіп бара жатқанын мойындауымыз керек. Бұл – жаһандық мәселе.

Кітапхана аудан тұрғындарына құшағын  кеңінен ашып, түн ортасына дейін созылған қызықты да тылсым әлеміне тартты. Кітапханашылар өзінің сүйікті оқырмандарына дәруменді жақсы көңіл-күй, минералды – позитивтік қарым-қатынас, микроэлементтік шығармашылық және тез меңгеретін пайдалы білім көздерін ұсынды.

Кешке  жергілікті ақындар,   «Жаңа толқын» жас ұстаздар қауымдастығы, зиялы қауым,,   аудан тұрғындары, кітапханашылар қатысты.

Құпия сырға толы кітапхана түні ертегі кейіпкерлері қонақтарды қарсы алумен басталып, арнайы ұйымдастырылған көрме инсталляциялар, bookcrossing, қолөнер шеберлері мен суретшілердің павильондары таныстырылды. Кеш кітапхананың жас оқырмандарының «Кітапхана шақырады, кітаптар шақырады!» атты флешмобымен жалғасын тапты,  флэшмобта кітапхана қорындағы сирек кітаптар, жаңа әдебиеттер, балалар әдебиеті, өлкетану кітаптарыныңшеруі көрсетіліп, насихатталды.

Кешті «Іле ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру  және спорт бөлімі» ММ басшысы Б.К.Рақымжан ашты. 

Кеш балалар шығармашылығына арналған «Библиофеерия» алаңында жалғасын тапты.  Бұл алаңда балалар ертегілер кейіпкерлерінің шеруін және «Қоянның үйшігі» атты ертегілер қойылымын тамашалады. «Quiz»-викторина алаңында түрлі интеллектуалды ойындар ойнатылды, «Библиовикторина» сұрақтары қойылып, балалар ертегілер бойынша және жұмбақтар жасыру,   түрлі пазлдар құрастыру  арқылы сұрақтарға жауап беріп, сурет салу шеберлігіне  қатысып,  өз қолдарымен суреттер салды. Фотосалон «Стоп-кадр» барлық іс-шаралар бойы жұмыс істеді. Балалар әдеби кейіпкер костюміндегі аниматорлық аватарда  селфи жасап, фотоалаңдарда ертегі кейіпкерлерімен суретке түсті. Сонымен қатар, «Reader» кітапханаға жазылу акциясы ұйымдастырылып, келген қонақтар кітапханаға оқырман ретінде тіркелді.

Келесі кезекте  оқырмандар үшін «Библио турнир» алаңы жұмыс істеді. Оқырмандар тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы, теңіз шайқасы ойындарын қызықтап, ойнады.

Кеш «Поэзия party» алаңында жалғасын тапты.  Бұл алаңда «Ақындар жырлайды» әдеби кеші өтті. Кешке ҚР Жазушылар одағының мүшесі, ақын, бірнеше жыр жинақтарының авторы, халықаралық, республикалық жыр мүшәйраларының бірнеше дүркін жүлдегері Роза Сейілхан және жергілікті ақындар Нұрбек Жаңғабаев тағы  басқалар қатысып, ақындар сүйікті өлеңдерімен,  кештегі эмоцияларымен  қуана  бөлісіп, оқушылардың орындауында әдеби монтаж ұйымдастырылды.

Әрі қарай кеш  «Не? Қайда? Қашан?» тапқырлар  интеллектуалды ойынымен жалғасын тапты. Ойын барысында қатысушылар әлеуметтік желі оқырмандарынан келген  сұрақтарға жауап берді. Электронды пошта  арқылы желі оқырмандарынан келген 12 сұрақ таңдалды. Нәтижесінде  зияткерлер жеңіске жетіп, сыйлықтармен марапатталды.

Кеш соңында  оқырмандар «Music party» алаңында караоке айтып, қатысушылардың орындауында  қазақ әндері шырқалып, би биледі.         

Кеш оқырмандарға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, жанға жайлы демалыспен қатар рухани нәр берер кітаптармен кеңінен танысуға мүмкіндік берді.

««Кітапханадағы түн» негізгі аудиториясы – жастар болды.

Жастар кітапханадан  тамаша шығармашылық  — демалыс аумағын көрді.

Қазіргі заманауи кітапхана — ол тек кітап қоймасы ғана емес, нағыз білім беру және ойын-сауық орталықтары. «Кітапхана түні» бұл туралы тағы бір рет еске салды. Ал көптеген  адам  бұған  осы кеште көз жеткізді.

Карима Мейрамбекқызы

Басқа жаңалықтар

Back to top button