Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыЕскелді айнасыҚоғам

ЖОЛДАУ ЖАЙЛЫ ТҮСІНДІРДІ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына арналған кезекті Жолдауын түсіндіру бағытында  Ескелді ауданы мәслихат хатшысы Сатанов Қанат Нүсіпжанұлы «Жалғызағаш»  бастауыш партия ұйымының белсенділерімен кездесті.

Жолдауда елімізді дамытуға бағытталған әлеуметтік-экономикалық басым бағыттар жайында айқындалғаны оның ішінде, өңдеу өнеркәсібі, туризм, ауыл шаруашылығы, ауыз су мәселесі, жасыл экономика, цифрландыру және басқа да салаларға қатысты атқарылатын жұмыстар нақты айтылғандығы жайында Сатанов Қанат Нүсіпжанұлы ақпарат берді.

Жолдаудың ең басты мақсаты – халықтың әл-ауқатын арттыру, тұрмысын жақсарту болып табылатындығы айтылды.

Жиын соңында партиялықтар тарапынан Президент жолдауына қатысты пікірлерін білдіріп, жолдауда айтылған әрбір бастаманы қолдайтындықтарын жеткізді.

М.Максым

Басқа жаңалықтар

Back to top button